Атырау, 24 сәуір 23:52
 ашықВ Атырау +21
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Дариға Назарбаева Қарағандыдағы шахтерлердің ереуіліне қатысты пікір білдірді

2 429 просмотра


Сенат депутаты Дариға Назарбаева Қарағанды облысындағы шахтерлердің ереуіліне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Мемлекет басшысы елде болып жатқан оқиғалардан хабардар. Оның Қарағанды облысындағы жағдайды мұқият бақылап отырғанына сенімдімін. Бұл облыс мемлекет басшысына жат емес, өңірдегі мәселелер ол үшін де аса маңызды", — деп жауап берді Назарбаева журналистерге. 

Ол "Арселор Миттал" әкімшілігінің бұл мәселені осындай даулы жағдайға жеткізгеніне өкініш білдірді. 

"Шахтерлердің жалақысына қатысты мәселе бұрын да айтылып жүрді, олар бұған дейін талаптарын қойған еді. Олардың еңбек жағдайы ауыр екенін айту керек. Күнде денсаулығына, тіпті өміріне де қауіп төнуі мүмкін. Бұл шахталарда қаншама адам жұмыс істеп, отбасын асырап отыр. Қарағанды облысы үшін шахталар аса маңызды екені белгілі", — деді ол. 

"Шахтерлердің қандай талаптар қойып отырғанын бәріміз білеміз. Олар жалақыны 100 пайызға өсіруді сұрап отыр. Бірақ комбинаттың өзіндегі экономикалық жағдайды ескеру керек. "Арселор Миттал" әзірге бұл ақпаратты айтпай отыр. Олардың кеншілердің жалақысын 100 пайызға көтеруге мүмкіндігі бар-жоғы белгісіз. Қалай болғанда да екі жақтың ымыраға келгенін тілеймін", — деді депутат.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментіне қарасты төрт шахтаның 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда түнгі ауысымнан кейін жер астынан шығудан бас тартты. Олар бірнеше талап қойды, оның ішінде еңбекақыны жүз пайыз өсіру және зейнет жасын төмендету талабы бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 12 желтоқсанда сегіз шахтада 684 адам болғанын хабарлады. Жергілікті билік пен компания өкілдері шахтерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Кеше жер астынан 150-ден астам кенші шықты. Соңғы мәлімет бойынша 500-дей шахтер әлі жер астында қалып отыр. 

Дереккөз: sputniknews.kz

14 желтоқсан 2017, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.