Атырау, 28 наурыз 20:47
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Еуразиялық банктің филиал басшысы 10 жылға сотталды

1 353 просмотра


Астананың Есіл аудандық №2 соты "Еуразиялық банк" АҚ-нің елордалық филиалының бұрынғы директоры Мұрат Мұқановқа және осы филиалдың бұрынғы касса жетекшісі Ақмарал Меңдалиеваға қатысты сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

Мұрат Мұқанов 10 жылға сотталды. Мұның алдында соттағылар Мұқановтың ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігінің 2-пункті ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру"), 189-бабының 4-бөлігінің 4-пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айыпталып отырғанын хабарлаған еді.  Ал Ақмарал Меңдалиеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айып тағылған.  Еске сала кетейік, осыған дейін Еуразиялық банктің Астанадағы филиалында ақша өртенгені жайлы хабарланған болатын. Бұл оқиға көктемде болған.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 желтоқсан 2017, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.