Атырау, 20 сәуір 14:31
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Сирия оппозициясы БҰҰ гуманитарлық көмегінің жолын бөгеді

1 224 просмотра


Сирияда Башар Асад билігіне қарсы соғысып жатқан оппозициялық күштер Хомс аймағына халықаралық гуманитарлық көмекті жібермей қойды. Олар Біріккен Ұлттар Ұйымы керуенінің жолын бөгеп тастаған. 

Ресей әскерилерінің айтуынша, қарулы топтар ұйым өкілдерінен бұл көмектің жеткіліксіз екенін айтып, оны ұлғайтуды сұраған. Сондықтан ұйым керуенді кері қайтаруға мәжбүр болған. Салдарынан Астана келісімшарты бойынша елдегі 4 деэскалация аймағының бірі болып саналатын Хомс өңіріне 156 тонна жүк жеткізілмеді. Ал Ресей тарапы БҰҰ-ның 2014 жылы қабылдаған Сирияға гуманитарлық көмекті жеткізу туралы тәртіпті өзгертуді ұсынып отыр. Бұл мемлекет өкілінің айтуынша, құжат ескірген, әрі басқа жағдайда қабылданған. Айта кетейік, шілде айында АҚШ осы елге бағытталған кей керуендердің талан таражға түсіп, ұрлау оқиғалары тіркелген соң, кейбір бағдарламаны тоқтатқан. 

Дереккөз: 24.kz

14 желтоқсан 2017, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.