Атырау, 29 наурыз 04:14
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жээнбеков пен Мирзияев Бішкек-Ташкент әуе рейсін ашуға келісті

1 652 просмотра
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков (сол жақта) Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездесіп тұр. Ташкент, 13 желтоқсан 2017 жыл.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуінде көлік қатынасы туралы келісімге келгенін хабарлады.

Президенттер екі ел арасында автобус маршруттары ғана емес, Бішкек - Ташкент және Ташкент - Ош бағытында әуе рейстерін ашуға келісті. "Сұраныс өте жоғары. Біз Бішкек - Ташкент бағытындағы әуе рейстерінің жиілігін екі есеге көбейткіміз келеді" деді Мирзияев.

Өзбекстан президентінің хабарлауынша, темір жол бағыты жөнінде де келісім жасалынған. "Қырғызстанда Ыстықкөл дейтін керемет көл бар. Біздің азаматтарымыз әуе рейстері ашылғанын қалайды, бірақ біз Ыстықкөлге дейін темір жол рейстерін де ашатын болып келістік" деді Шавкат Мирзияев.

Сооронбай Жээнбеков Ташкентке 13 желтоқсанда барды. Бұл - Жээнбековтің Қырғызстан президенті қызметіндегі алғашқы ресми сапары.

Дереккөз: azattyq.org

14 желтоқсан 2017, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.