Атырау, 25 сәуір 16:56
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Миттал Қазақстанда кімді сатып алған?​", "Сағадиевке ұстаздардан талап хат", ""Жаңаөзен психологиялық реабилитацияға зәру"", "Путиннің Сүриядан әскерлерін шығаруының сыры: АҚШ пен Ресейдің ойынында кім ұтты?"

3 010 просмотра

AZATTYQ.ORG. ""Алашорданың" мерейтойы лайықты аталды ма?" - Сарапшылар "Алаш" автономиясының жарияланғанына жүз жыл толуына байланысты парламенттік тыңдаудың болмағанына өкініш білдіріп, орындалуға тиісті шараларды атап шықты.

""Жаңаөзен психологиялық реабилитацияға зәру"" - 2011 жылғы Жаңаөзендегі жеті айға созылған мұнайшылар ереуілін полиция оқ атып таратқалы алты жыл өтті. Сотталған белсенді Роза Төлетаева ереуілге қатысқандар мен қала тұрғындарының психологиялық реабилитацияға мұқтаж екенін айтады.

ABAI.KZ. "Сағадиевке ұстаздардан талап хат" - Бұл хат та бір ауданның жағдайы емес, бүкіл Қазақстан Республикасының әр аймағының ұстаздарынан әлеуметтік желі арқылы қол жиналып Республика бойынша орын алып отырған мәселелер жазылып отыр. Қол жинау әлі де жалғасуда.

"Адамның құны бір шелек көмір болғаны ма?" - Байқап отырсақ, «өмірде не болмайды» деген сөздің титімдей де өтірігі жоқ екен. Өткенде осы Қостанай облысының Ұзынкөл деген ауданында суықтан жаны қысылған балалы-шағалы жас әйел үйін жылытуға шара таппай сондағы аурухана жанындағы көмірдің бір шелегін ұрлап алған көрінеді. Шарасыздықтан да әрине.

365INFO.KZ. "«Қайдағы шаруа?..». Депутат Үкімет бөлген арзан несиені шынында кімдер алатынын айтты" - Банктен қомақты несие алып, оны қайтармай қоятындар бар. Бірақ, бір қызығы оларға тағы да несие беріледі. Олар тағы да қайтармайды. Банктерде қордаланған проблемалық заемдар негізінен осындайлардан тұрады.

"«Өзі түрмеде, көлігімен біреу көшеде жүр». Алматының прокуратурасы неге үнсіз?" - «Өзі түрмеде, көлігі тәркіленген. Бірақ үйіне штраф келіпті» деген масқара мақалаға байланысты ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «біздің жазығымыз жоқ» дегендей, ақталып отыр. Ал осы дерекке қатысты тексеру жүргіземіз деген Алматы қаласының прокуратурасы әлі үндемей отыр.

QAZAQTIMES.COM. "Путиннің Сүриядан әскерлерін шығаруының сыры: АҚШ пен Ресейдің ойынында кім ұтты?" - Ресей президенті Владимир Путин 11 желтоқсан Сүрияда жасаған мәлімдемесінде, Сүриядағы Ресей армиясын елден шегініп шығуға бұйрық бергенін айтты. Бұл алдағы Сүрия жағдайының қым-қуыт эволюциясында және аумалы-төкпелі Орта-Шығыс мәселесінде АҚШ-қа ыңғайсыз жағдайда қол бұлғап кете барғанмен бірдей болды. Әлем елдеріндегі ықпалды басылымдар Путиннің бұл қадамын сан-саққа жүгіртіп, талдауда.

AIKYN.KZ. "Фатима Тәшімова, психология ғылымдарының докторы, профессор: психологтар туралы заң керек" - Қазақстандағы психология ғылымына – бір ғасыр. Бұл – өткенді саралап, қолда барды бағалап, болашаққа бағдар жасайтын кезеңнің келгенін білдіреді. Осы уақыт ішінде ғылымның бұл саласы қалай дамыды? Қандай кемшіліктермен жұмыс істеу қажет? Психология ғылымдарының докторы, профессор Фатима Тәшімовамен осы сұрақтар төңірегінде сұхбаттасқан едік.

ZHASALASH.KZ. "Миттал Қазақстанда кімді сатып алған?" - Шахтерлер ауыр жұмыстан емес, жоқшылықтан шаршады. Ауыр жұмыс, өтемі мврдымсыз жалақы жандарына батқан төрт шахтаның 200 шахтері ауысым аяқталған соң жер үстіне шықпай, наразылық білдірді.  

13 желтоқсан 2017, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.