Атырау, 20 сәуір 12:48
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Трамп "Касперский лабораториясы" өнімін пайдалануға заңмен тыйым салды

2 457 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп ел үкіметінің "Касперский лабораториясы" компаниясының өнімдерін пайдалануына заңмен тыйым салды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы ереже АҚШ-тың 2018 жылға арналған қорғаныс бюджетіне енгізілген.

Биыл жазда АҚШ билігі "Касперский лабораториясынан" Кремльмен және Ресей арнайы қызметімен байланысы бар болуы мүмкін деп күдіктеніп, үкіметтік құрылымдарға бұл компания бағдарламаларын пайдалануға тыйым салған. "Касперский лабораториясы" ресейлік арнайы қызметпен байланысы жоғын мәлімдеген. Компания бұған дәлелі ретінде 2018 жылдың басында тәуелсіз сарапшылар тексере алуы үшін бағдарламаларының әуелгі коды мен келешекте жаңартылатын кодын жария етуге уәде берген.

Қазанның соңында "Касперский лабораториясы" өз өнімдері құпия делінген файлдар мұрағатын көшіріп алып отырғанын мойындаған. Компания басшысы Евгений Касперский АҚШ Ұлтық қауіпсіздік агенттігіне қатысы бар файлдардың "кездейсоқ түрде" алынғанын мәлімдеген. Касперскийдің айтуынша, ол құжаттар құпия екені айтылған соң бірден жойылған.

Ұлыбритания да таяуда мемлекеттік мекемелерге ресейлік "Касперский лабораториясының" антивирустық бағдарламаларын қолдануға тыйым салынған. "Касперский лабораториясы" бағдарламаларының қауіпті екенін Ұлттық киберқауіпсіздік орталығы ескерткен.

Дереккөз: azattyq.org

13 желтоқсан 2017, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.