Атырау, 29 наурыз 11:22
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Назарбаев даңғылының ескі атауы жазылған тақтайшалар қоқыста жатыр

1 764 просмотра


АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. Назарбаев даңғылынан алынып тасталған, ескі атау жазылған тақтайшалар қоқыс жәшігінде жатыр. Қоқыста жатқан тақтайшалардың суреті ВКонтакте желісіндегі "Типичная Алма-Ата" тобында жарияланған.


Жарияланған суреттің астындағы пікірлер арасында осы сәтті пайдаланып, ескі атау жазылған тақтайшаларды естелікке алып қалайық деп ұсыныс айтқандар болды.

Фурманов көшесінің атауын өзгерту шешімі 30 қараша күні Алматы мәслихаты сессиясында қабылданған еді. Қала әкімі Бауыржан Байбек атап өткендей, зиялық қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, қала тұрғындары, әсіресе жастар тарапынан Назарбаевтың есімін мегаполистегі басты көшелердің бірі Фурманов көшесіне беруді ұсынған.

Дереккөз: sputniknews.kz

13 желтоқсан 2017, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.