Атырау, 24 сәуір 19:05
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Миллион қызмет түрі

3 197 просмотра


Бұрын төлқұжат пен жеке куәлік алу үшін бір ай уақытың кететін болса,  бүгінде оларды 15 күнде алуға болады. Ал жеделдетілген нұсқада олар 4 жұмыс күні ішінде беріледі. Бұл туралы брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Атырау облыстық филиалының (ХҚКО) директоры Тұрлан НҰРЖАНОВ (суретте) айтты.

Көптеген құжаттарды ресімдеуді жеделдетуге болар еді, бірақ бұл үшін ХҚКО және уәкілетті орган бір ғимараттың ішінде болмаса да, жақын жерде орналасуы қажет. Мәселен, Мақат ауданында АХАЖ бен ХҚКО бір ғимаратта орналасқандықтан, тұрғындар түрлі куәліктерді 3 сағат ішінде ала алады. Осыған байланысты Атырауда жаңа ХҚКО ғимаратын салу жоспарланып отыр. Оның бірінші қабатында ХҚКО қызметкерлері құжаттар мен өтініштер қабылдайтын болады, ал екінші қабатта осы өтініштерді рәсімдеумен тікелей айналысатын түрлі мемлекеттік органдардың – көші-қон қызметі, МЗТО, АХАЖ өкілдерін орналастыру жоспарланған. Ғимарат құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Жыл басынан бері атыраулық ХҚКО-лар 1,1 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде 785 мың электронды құжаттар берілді. Қазіргі кезде 746 мемлекеттік қызмет бар, олардың 618-і ХҚКО арқылы жасалады. Қараша мен желтоқсан айында пилотты режимде ХҚКО тағы да қосымша 80-нен астам қызмет түрін көрсете бастады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

12 желтоқсан 2017, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.