Атырау, 23 сәуір 13:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

​Түркияда ИЫҰ-ның кезектен тыс саммиті өтеді

1 958 просмотра


Ыстамбұл Түркия ИЫҰ саммит Ыстамбұл қаласында Ислам ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс саммиті өтеді. Басқосуға осы халықаралық ұйымға төрағалық етіп отырған түрік елі бастамашы болды.

Алқалы жиында Иерусалим мәртебесі талқыға түседі деп жоспарланып отыр. АҚШ президентінің Таяу Шығыс аймағындағы сыртқы саясатын сын садағына алған түрік елінің мемлекет басшысы түйткілдің түйінін тарқатуда алдағы саммит шешуші рөл ойнайтынына сенім білдірді. 

Атап өту керек, Ислам ынтымақтастық ұйымы 1969 жылы құрылған. Бүгінде ол әлемнің 1,5 миллиард халқын қамтитын 57 мемлекеттің басын біріктіріп отыр. 

Біздің ел бұл іргелі ұйымға 2011 жылы төрағалық етті. Оның аясында Астана декларациясы қабылданған болатын. Реджеп Тайип Ердоған, Түркия Республикасының президенті: - АҚШ Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындауы арқылы аймақтағы қан-төгіске себепші болып отыр. 

Біз бұл шешімді мойындамаймыз және ешқашан қабылдамаймыз. Сәрсенбі күні Ыстамбұлда өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс саммиті бұл мәселеде маңызды шешім қабылдайтынына сенемін.

Дереккөз: 24.kz

12 желтоқсан 2017, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.