Атырау, 23 сәуір 23:19
 ашықВ Атырау +22
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Еуроодақ Иерусалимді Изриальдің астанасы деп мойындамайды

1 862 просмотра

Фото: unian.net

Еуроодақ Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындамайды. Бұл туралы ЕО-ның сыртқы істер жөніндегі басшысы Федерика Могерини Израильдің Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен  кездесу барысында мәлімдеді. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.  

Биньямин Нетаньяхудың Еуроодақ мемлекеттері АҚШ-тың соңынан Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындағанын қалайтын ниетіне Федерика Могерини Палестина мен Израиль арасындағы соңғы бейбіт келісім жасалмайынша, мұндай мәлімдеме жасаудан бас тартатынын жеткізді. "Еуропа мемлекеттері Иерусалим мәселесіне қатысты халықаралық консенсусты қолдайды. Біз бұл даудың ең оңтайлы шешімі бейбіт келіссөздерде деп білеміз", - деді ол. 

Брюссельде өткен баспасөз конференциясы барысында Еуроодақтың ресми өкілі осыған дейінгі АҚШ-тың өңірдегі тұрақтылыққа қауіп төндіретін шешіміне қарсылық танытқан позициясында қалатынын тағы да көрсетті. Бірқатар Араб елдері мен мұсылмандар саны басым мемлекеттерде Дональд Трамптың "Палестина мен Израильдің арасындағы таласта қай тарапқа тиесілі екені әлі анықталмаған, Ислам дініндегі қасиетті орындардың бірі Әл-Ақса мешіті орналасқан  Иерусалим қаласын АҚШ-тың одақтасы Израильдің астанасы деп мойындау" туралы шешіміне қарсы наразылық шерулері өткен болатын.

Дереккөз: qazaqtimes.com 

12 желтоқсан 2017, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.