Атырау, 17 сәуір 00:04
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

Мұнай бағасы 2015 жылғы деңгейге көтерілді

2 162 просмотра

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 65 доллардан асып кетті. Бұған сатылымдардың деректері дәлел, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Солтүстік теңізден шығатын қоспаның бөшкесі 65,19 долларға дейін қымбаттады. Ең жоғары баға 65,25 доллар болды.

Мұндай көрсеткіш осыдан екі жыл бұрын – 2015 жылдың 24 маусымында тіркелген.

Reuters агенттігі мұнай бағасының қымбаттауын Солтүстік теңіздегі Forties құбырының уақытша тоқтатылуымен байланысты деп отыр. Бұл құбыр арқылы 85 кен орыннан тәулігіне 450 мың баррелге жуық мұнай алынады.

Дереккөз: baq.kz

12 желтоқсан 2017, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.