Атырау, 28 наурыз 14:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Киев соты Саакашвилиді қамаудан босатты

2 002 просмотра


Киевте сот "Жаңа күштер қозғалысы" оппозициялық қозғалысының лидері және Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді үйқамаққа алудан бас тартты. Сот осылайша прокуратураның Саакашвилиді үйқамаққаалу туралы өтінішін қабылдамай, саясаткерді сот залында босатты.

Саакашвилиді "Ресеймен Украинаға қарсы астыртын сөз байласып, наразылық акцияларын ұйымдастырып отыр" деп айыптайды. Тергеу дерегі бойынша, саясаткер "Украинаның экс-президенті Виктор Януковичтің жақтастарының мүддесі үшін, елде мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған".

Саакашвили бұл айыптарды теріске шығарады. 11 желтоқсан күні сотта ол өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істі Ресей президенті Владимир Путинге "сыйлық" деп атады. Ол бұл іспен айналысушылардың бәрін "ФСБ агенті" деп атады.

Сот шешімі шыққаннан кейін саясаткер "Оларға [прокурорлар – Ред.] мені Украина саясатынан алшақтату туралы тапсырма берілген. Бірақ мен халықпен тікелей байланысуға дағдыланғанмын әрі жалғастыра беремін" деп мәлімдеді. Грузия экс-президентінің жақтастары Киевте 17 желтоқсанда митинг өткізетінін жариялады.

Михаил Саакашвили 8 желтоқсанда Киевте ұсталған болатын.

Дереккөз: azattyq.org

12 желтоқсан 2017, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.