Атырау, 29 наурыз 16:33
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Нью-Йорк орталығындағы жарылысқа қатысты жаңа дерек шықты

1 607 просмотра


Нью-Йорк орталығындағы жарылыс ұйымдастырған күдікті жарылғыш құрылғыны жасау үшін шырша гирляндасын пайдаланған, деп жазады РИА Новости NBC арнасына сілтеме жасап.

"Полиция мәліметінше, бұрынғы такси жүргізушісі құрылғыны жасау үшін шырша гирляндасын пайдаланған", — деп хабарлады арна.

Дүйсенбі күні Манхэттеннің шығысында жер асты өткелінде жарылыс болды. Бастапқы мәлімет бойынша, 27 жастағы Акайед Улланың денесіне қолдан жасалған, сапасы төмен жарылғыш құрылғы байланған. Өрт сөндіру қызметінің мәліметі сүйенсек, күдікті күйік жарақаттарын алған және маңында болған тағы үш адам жеңіл-желпі зардап шегіпті. 

Улла 2011 жылы 21 ақпанда иммиграциялық виза бойынша АҚШ-қа келген, елде тұруға заңды ықтияр хаты бар. 

New York Post мәліметіне сүйенсек, Улла бұл қадамға кек алу мақсатында барған. "Олар менің елімді бомбалап жатыр, ал мен осында өшімді алмақ болдым", — дейді ұсталған азамат. 

Дереккөз: sputniknews.kz

12 желтоқсан 2017, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.