Атырау, 20 сәуір 15:27
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қарақшылар мен тонаушы ұсталды

4 224 просмотра


7 желтоқсанда Атырауда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасалып, қарақшылар 55 мың теңге ақша алып кеткен.

Таңда "102" пультіне әйел адам қоңырап шалып, букмекерлік кеңседе кассир болып жұмыс істейтін сіңілісін белгісіз біреулер пышақпен қорқытып, кассадағы бар ақшаны алып кеткен. Сол күні үш қала тұрғыны ұсталып, айғақ заттар - пышақ пен ақша табылды. Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, олардың басқа қылмыстарға қатысы барлығы тексеріліп жатыр.

Ал 8 желтоқсанда шамамен сағат 16-да белгісіз біреу Өзбекстан азаматшасы тұратын үйге кіріп, оны байлап, ақшасын және екі ұялы телефонын тартып алған. Келтірілген шығын - 817 мың теңге.

Плиция күдікті - 1987 жылы туған қала тұрғынын ұстады.

Фархат ӘБІЛОВ

11 желтоқсан 2017, 19:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.