Атырау, 19 сәуір 10:19
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Путин Сириядан Ресей әскерін әкетуге бұйрық берді

1 812 просмотра


Дүйсенбі күні Сириядағы Хмеймим әуе базасына барған РФ президенті Владимир Путин Қорғаныс министріне Сириядан Ресей әскерін әкетуге бұйрық берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tass.ru сайтына сілтеме жасап.

«Бас штаб бастығы, Қорғаныс министріне Ресей әскерін орналасқан аймағынан шығаруды бұйырамын»,  деді Путин әскери қызметкерлер алдындағы мәлімдемесінде.

Мұнымен қатар, президент Ресей әскерінің Сирия сарбаздарымен бірігіп аталған аймақтағы халықаралық террористер тобына қарсы күрес жүргізгенін айтып өтті.

«Осыған орай Сирия Араб Республикасындағы Ресей әскері елге қайтарылсын»,  деді Бас қолбасшы.

Президент террористер Сирияда тағы бүлік шығаратын болса, бұдан да қатты соққы жасайтынын мәлімдеді. Мұнымен қатар, сарбаздарды жеңісімен құттықтады.

«Сіздер туған шаңыраққа, жақындарыңызға, ата-аналарыңызға, әйелдеріңізге, балаларыңыз бен достарыңызға жеңіспен ораласыздар. Достар, Отандарыңыз сіздерді күтеді. Жолдарыңыз болсын! Қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын. Егер террористер тағы да бас көтерер болса, біз мәңгілік естерінде қалатындай соққы жасаймыз.
Сирия мен Ресейде террористермен күрес барысында құрбан болғандарды ешуақытта ұмытпаймыз. Бірақ, бұл бізді қолымызды қусырып қарап отыруға мәжбүрлейді деп ойласаңыздар қателесесіздер. Бұл біздің халқымыздың мінезіне жат нәрсе. Террористер қалай жасырынса да, осы естеліктер жамандықпен күресу үшін бізге күш береді»,  деді президент.

Дереккөз: baq.kz

11 желтоқсан 2017, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.