Атырау, 20 сәуір 13:29
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Швецияда Нобель сыйлығы табыс етілді

2 454 просмотра


Швеция Нобель сыйлығы марапат Стокгольмде 2017 жылғы Нобель сыйлығы иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Сөйтіп Швеция королі әдебиет, медицина, физика, химия саласы бойынша 11 лауреатқа алтын медальдар мен дипломдарын табыстады. 

Салтанатты рәсімді тамашалау үшін Стокгольмдегі концерт залына бір жарым мыңнан астам адам жиналған. Олар – беделді сыйлық иегерлерінің жақындарымен қатар швед саясаткерлері, мәдениет қайраткерлері, ғалымдар және студенттік ұйым өкілдері. Марапаттау рәсімінің соңы Стокгольмнің қалалық ратушасындағы дәстүрлі Нобель банкетіне ұласты. Ал бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы әдеттегідей Норвегия астанасы Осло қаласында өтті. Биыл ол ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйымға бұйырған.       Беатрис Фин, ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның атқарушы директоры:  - Қазіргі кезде ядролық қаруды қолдану қаупі бұрынғыдан да жоғары. Ол аздай бүгінде әлемге лаңкестер мен кибершабуылдар қаупі де төніп тұр. Сондықтан барлық елдер осы бағытта күш біріктіруі тиіс.

Дереккөз: 24.kz

11 желтоқсан 2017, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.