Атырау, 29 наурыз 10:22
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​ОҚО-да анасы алты жасар ұлын ұрып-соққан. Бала ауруханаға ауыр халде түсті

1 561 просмотра


Оңтүстік Қазақстан облысында әйел адам алты жасар баласын ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылы 10 қарашада 09:35-те Сайрам АІІБ кезекші бөліміне аудандық ауруханаға 2011 жылы туған аудандағы мектептердің бірінде оқитын баланың түскені туралы хабар түскен.  "Баланы ауыр халде ауруханаға жеткізген. Полицейлер тексеру барысында алты жасар баланы Сайрам ауданының 1981 жылғы тұрғыны, анасы ұрып соққанын анықтады", - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.  Полицейлер әйел адамды ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылды. Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру"). Қажетті сараптамалар тағайындалды.  Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

11 желтоқсан 2017, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.