Атырау, 29 наурыз 13:04
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Германияда кездесу өткізген Ақаевқа қырғыздар жұмыртқа лақтырды

Бейнежазба
1 942 просмотра


Кездесудің ұйымдастырушылары Facebook желісінде тікелей эфир жүргізді.

Кейбір қатысушылар "Ақаев кет" деген жазуы бар плакаттар ұстап тұрды. Ақаев сөз сөйлеген уақытта кездесуге келгендер одан қырғыз тілінде сөйлеуді талап етті. Бірақ ол бұйрық бермеу керек екенін айтты.

"Бұйрық бермеңіздер. Сіздер Қырғызстанда емес, демократиялы ел Германиядасыздар. Қай тілде сөйлегім келсе, сол тілде сөйлеймін" — деп кесіп айтты ол.

Көптеген сұрақтарға Ақаев жауап бермейтінін мәлімдеді. Осы кезде қатысушылардың бірі оның тарапына қарай жұмыртқа атқан. Бұл әрекет Ақаевтың қызының ашуын тудырып, Бермет әкесін жемқор деген ер азаматпен ұрсысып, оны бірнеше рет сөмкесімен ұрып жіберді. Оқиғаға полицейлер араласуға мәжбүр болған.

Еске салсақ, Асқар Ақаев Қырғызстанда 1990- 2005 жылдар аралығы "қызғалдақ" төңкерісіне дейін президент болды.


Дереккөз: nur.kz

11 желтоқсан 2017, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.