Атырау, 25 сәуір 10:40
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Кейбір сахналары Алматыда түсірілген «Туған үйім- тірегім» атты үнді фильмі прокатқа шығады

2 693 просмотра


2017 жылы 14 желтоқсанда Болливудтың  «Khushi Motion Pictures» кинокомпаниясы, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қатысуымен  (ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша) түсірілген «Туған үйім- тірегім» («Love you family») атты үнді фильмі ұлттық прокатқа шығады. 

Аталған кинотуынды Хуши Девани атты үнді қызының тағдыры туралы баяндайды. Сүйіп қосылған күйеуінен қорлық көрген ол, Алматыға келіп, жұмысқа орналасып, биіктерден көрінеді. 

Естеріңізге сала кетсек, былтыр Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Болливудтың «Khushi Motion Pictures» атты компаниясымен ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойған болатын.  Бірлескен өндіріс жөніндегі келісім бойынша, екі жақ  «Love you family» толықметражды көркем фильмінің дистрибуциясы саласында қызмет етуге міндеттелген. 
- Фильмнің Үндістандағы прокаты  табысты болды. Қазақстанда ешқашан болмаған біздің көрермендер үшін Алматы қаласының әдемі көріністерін тамашалау қызықты болды. Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігіне және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сенім білдіріп, қолдағандары үшін алғыс айтамыз. Сонымен қатар, «Қазақфильм» киностудиясына түсірілім кезінде кәсіби деңгейде көмек көрсеткендеріне алғысымыз шексіз. Бірлесіп түсірген туындымыздың сәтті шыққанына қуаныштымын. Менің білуімше, Қазақстанда үнді фильмдерін сүйіп тамашалайтын көрермендер көп, сондықтан да бұл фильм қазақстандықтардың көңілінен шығады деп ойлаймын, - деді фильмнің продюсері Випул Девани. 
Үнді режиссері Сачиндр Шарм түсірген «Туған үйім - тірегім» фильмінің түсіру жұмыстары Үндістанда және Тайландта өтті.  Картинаның негізгі қойылымдарын Қазақстанда, айта кетсек, Алматы қаласының көрікті жерлерінде түсірілді (Республика алаңы, «Арбат», Шымбұлақ және Көк-Төбе).
Фильмге үндінің танымал актерлері - Пардасани Акша Сунил, Джоши Маной Наванет, Салман Юсуф Кхан, Шакти Капур, Навни Парихар түскен. Бұл картинада қазақстандық танымал актер Фархат Абдрайымов та бой көрсетеді.   

«Қазақфильм» киностудиясында қазақ тіліне дубляждалған (орыс тілінде субтитрлары бар) «Туған үйім - тірегім» атты үнді мелодрамасы еліміздің кинотеатрларынан 14 желтоқсаннан бастап көрсетілетін болады. 

«Love you family» 
Фильм туралы: «Туған үйім - тірегім»  ( «Love you family») фильмі отбасы құндылықтары туралы баяндайды. Үлгілі үнді отбасының шаңырағында туған Хуши есімді бойжеткен, ата-анасының қарсылығына қарамастан,  биден дәріс беретін Раджа есімді жігітке ғашық болады. Қос ғашық жасырын үйленіп, шаңырақ көтереді. Алайда, кенеттен бәрі де өзгереді. Сүйіп қосылған күйеуі танымастай өзгеріп, Хуши далада қалады. Уақыт өте жақындарының қолдауымен бойжеткен Алматыға келіп, жұмысқа орналасып, биіктерден көрінеді. 

Жанры: мелодрама
Өндірісі: «Khushi Motion Picture», Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қатысуымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен
Продюсерлер: Vipul Devani, D.S.Bhatia
Режиссёрі: Sachindra Sharma
Биді қойған: Salman Yusuf Khan, Vishnu Deva
Арт-директоры: Anjali Tiwari

Khushi Motion Picture – 2012 жылы үнді киногері Бхушан Шарма негізін қалаған Болливудтың ірі компанияларының бірі. Бүгінде компанияда Үндістан кинематографиясында танымал жазушылар, техника мамандары, актерлер мен продюсерлер, режиссерлер мен музыканттар жұмыс істейді. 

Дереккөз: kazakhfilmstudios.kz

11 желтоқсан 2017, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.