Атырау, 19 сәуір 22:29
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Түркия президенті Израильді «терроршы мемлекет» деп атады

2 106 просмотра


Эрдоған Израиль билігін сынғы алып, аталған елді «оккупациялық әрі терроршы» мемлекет деп атады. Бұрынырақ Газ секторында палестиналықтар мен израильдік полицейлер арасында қақтығыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі rbc.ru сайтына сілтеме жасап.

Эрдоғанның айтуынша, палестиналық наразылық білдірушілерге Израиль полицейлерінің күші жетпей жатыр.

«Израиль — оккупациялық мемлекет, Израиль — терроршы мемлекет», — дейді Түркия президенті.

Мұнымен қатар, Эрдоған 1947 жылы Араб-Израиль соғысында Палестинаның оккупацияланғанын айтып өтті. Ал АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімін «біліксіздіктің көрінісі» деп бағалап, оның Түркия билігімен ақылдаспағанына қынжылды.

Естеріңізге сала кетсек, сәрсенбі күні Ақ Үйде Трамп АҚШ-тың Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын мәлімдеген болатын. Бұдан кейін Трамп мемлекеттік департаментке АҚШ елшілігін Тель-Авивтен осы қалаға көшіруді тапсырды.

Германия канцлері Ангела Маркель Иерусалимді Израиль астанасы деп таныған АҚШ президенті Дональд Трапмтың шешімін қолдамады. Франция президенті Эммануэль Макрон да бұл шешімге қарсы шықса, Ұлыбритания премьері Тереза Мэй елшілікті басқа қалаға көшіруден бас тартты.

Дереккөз: baq.kz

11 желтоқсан 2017, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.