Атырау, 19 сәуір 10:44
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

АҚШ Мемлекеттік департаменті Адам құқықтары күнінде мәлімдеме жасады

2 603 просмотра


АҚШ Мемлекеттік департаменті Халықаралық адам құқықтары күніне орай мәлімдеме жасады. 69 жыл бұрын, 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларацияны қабылдаған.

Бұл халықаралық құжат барлық адамның құқықтарын сыйлауға негізделген. Декларацияда адам құқықтарын қорғау – еркіндіктің, әділеттіліктің және бейбітшіліктің негізі деп бекітілген.

"Шиеленіс ошағынан қашамын деп жатта қалып қойғандарға, репрессивті үкіметпен күресіп жүргендерге немесе өзгелер үшін қаналып жатқандарға жалпыға ортақ адам құқықтары декларациясы "үміт шамшырағы" болып қала береді" делінген АҚШ Мемлекеттік департаменті таратқан мәлімдемеде.

Құрама Штаттар барлық мемлекетті декларацияда жазылған барлық құндылықтарды сақтап, бәріне бірдей қолдануға шақырады. "Егер әрбір адам өзін дамытып, ісін жүзеге асыра алса, әлем барынша қауіпсіз болады, әрбір мемлекет тирандардан азат етіледі" делінген Мемлекеттік департаменті мәлімдемесінде.

Дереккөз: azattyq.org

11 желтоқсан 2017, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.