Атырау, 18 сәуір 22:09
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Ақтау тұрғыны ауруханадағы орын тапшылығына шағымданды

Бейнежазба
1 583 просмотра


Ақтау тұрғыны балалар инфекциялық ауруханасындағы ахуалды айтып шағымданды. Ол жерде науқас балалары бар аналар түнде орындықтарға, еденге жатып түнейді, деп хабарлайды жергілікті "Лада" басылымы.

Инфекциялық ауруханадағы жағдайға қатысты арыз-шағымдар жергілікті халықтан жиі түсіп тұрады. Бұл жолы мәселені Ақтауда тұратын Балзия Теңелбаева көтерді, әйелдің қызы мен немересін ауруханаға жатқызған екен.

Төрт айлық нәрестенің ыстығы көтеріліп, жедел жәрдем ауруханаға алып кетеді. Сәбиге екпе салып, астына жылытқы төсеп, манежге жатқызып қойған. Ал анасына орын болмағандықтан, орындыққа жатып түнеуді ұсыныпты. Кейінірек анықталғандай, жылытқыдан су ағып, сәби біраз уақыт суда жатып қалған.

Балзия Теңелбаева ауруханадағы жағдайды видеоға түсіріп алып, бас дәрігерге шағым түсірді. Медициналық мекеме басшысы қаржыландырудың жетіспеушілігі мен жөндеудің қажеттігін айтып, тиісті органдарға өтініш жазған екен.

Бұдан бұрын бас дәрігер басылымға хабарлағандай, аурухананың проблемалары жазылған өтініш облыстық денсаулық сақтау басқармасында жыл басынан бері қаралып жатыр. 1981 жылы пайдалануға берілгенде аурухана 250000 адам облыс халқына есептелген, бұл қазіргі халық санынан үш есе кем, сол себепті қазір стационар үнемі лық толы, бір палатаға екі адамның орнына, төрт немесе одан да көп жатқызылады. 

Балзия Теңелбаева облыстық денсаулық сақтау басқармасына арыз жазбақшы.


Дереккөз: sputniknews.kz

11 желтоқсан 2017, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.