Атырау, 19 сәуір 04:39
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ұлттық банк тағы да плагиатқа қатысты айыпталды

2 452 просмотра
Фото: today.kz

Қазақстан Ұлттық Банкіне тағы да бөгденің зияткерлік меншігін пайдаланды деп айып тағылып отыр. Алматы қаласының адвокаты Жанна Меркушева ҚР Ұлттық Банкінің 2017 жылғы тамызда шығарған «Игілік монетасында» («Тасбақа») қазақ-американдық символист суретші Лейла Ахмет Османның зияткерлік меншігі деп танылған бейне салынған, деп хабарлайды Today.kz.

Суретші Қазақстанда туған, бірақ 17 жылдан бері АҚШ-та тұрады. Лейла Ахмет Оспанның шығармалары бүкіл әлемге танымал. Оның адвокаты Жанна Меркушева айтқандай, Лейланың бір картинасы Владимир Путиннің коллекциясында бар, тағы біреуін Нұрсұлтан Назарбаев оны Испания Короліне тарту ету үшін сатып алған.

Көктемде Ләйлә Ахмет Осман Алматыда халықаралық көрме өткізді, ал бірнеше айдан соң достары кенеттен суретшіні жаңа жетістіктерімен құттықтай бастаған. Бастапқыда қыз барлық құттықтаулар көрмеге байланысты деп ойлапты, тек кейінірек оның достары мен әріптестері ҚР Ұлттық Банкімен ынтымақтастықта жұмыс жасайды деп ойлағандарын білген.

Заңгердің айтуынша, сол Lucky Turtle көрсетілген көрме Ұлттық Банк ғимаратының қарсысындағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында өткен.

«Қазақстанда, әдетте, Lucky Turtle бұл сауда белгісі. Ал олар цифрларды кері айналдырып шығарған. Яғни, олар көріп, пайдаланған, ал енді өздерінікін дұрыс деп отыр. Біз оларға ненің плагиат және ненің заң бұзушылық екенін сипаттап, талап жолдадық. Бірақ Ұлттық банк, өзінікін дұрыстап отыр. Бірақ бізде бәрі патенттелген», - дейді адвокат Жанна Меркушева.

Құқыққорғаушы, сондай-ақ, Ұлттық Банк оның клиентінің авторлық құқығын мойындағанын және оған тиісті өтемақы төлеуіне қол жеткізетінін айтты.

Ұлттық банктегілер адвокаттың талабына жауап ретінде, монетада бейнеленген тасбақаның сауытындағы цифрлар өзгеше тәртіпте орналасқандықтан, оны плагиат деп санамайтындарын хабарлады. 

Естеріңізге салсақ, 2017 жылдың қараша айында ҚР Ұлттық Банкінің қатысуымен тағы да бір жанжал орын алған еді. 22 қарашада айналымға шығарылған 500 теңге номиналындағы купюра әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында қызу талас тудырды. Олардың көпшілігі банкнотта бейнеленген шағала Уикипедиядан көшірілгенін айтты. Алайда, бұл ақпаратты ҚР Ұлттық Банкінің Қаржы қызметтері мен сыртқы байланыстары тұтынушыларының құқықтарын қорғау басқармасының бастығы Александр Терентьев теріске шығарған болатын. 

9 желтоқсан 2017, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.