Атырау, 19 сәуір 12:24
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

АҚШ НАТО-дағы одақтастарын Ресейге қысым жасауға шақырды

2 610 просмотра
"Батыс-2017" әскери жаттығуы барысында ұшырылған Ресейдің "Искандер-М" зымыраны. Ленинград облысы, 18 қыркүйек 2017 жыл.

АҚШ НАТО бойынша одақтастарына Ресейдің орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімді бұзып отыруы ықтимал екеніне дәлел ұсынған.

Германиялық Der Spiegel басылымының жазуынша, АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис НАТО-ның ядролық жоспарлау жөніндегі тобының жабық отырысында солтүстікатлантикалық одаққа мүше елдерден Мәскеуді келісімді сақтауға мәжбүр ететін іс-қимыл жоспар әзірлеуін сұраған. Бұл жоспар 2018 жылы жазда өтетін НАТО саммитіне дейін дайын болуы тиіс деп жазады басылым.

Қажет болған жағдайда НАТО Ресейге қарсы санкциялар енгізуге дайын болуы тиіс деп мәлімдеген Мэттис. Пентагон басшысы "егер НАТО бойынша әріптестерімен ортақ келісімге келе алмаса, онда АҚШ жеке іс-әрекет етуге әзір болады" деп ескерткен.

АҚШ тарабы Брюссельдегі отырыс алдында НАТО бойынша одақтас елдерге 1987 жылы АҚШ пен СССР арасында орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы жасалған мерзімі шектелмеген келісімді Мәскеудің бұзып отырғаны жөнінде америкалық барлау қызметтері тапқан дәлелдерді ұсынған. Аталған келісім бойынша құрлықтан орта және қысқа қашықтыққа атылатын баллистикалық пен қанатты зымырандарды шығаруға, сынауға және орналастыруға тыйым салынады.

Ресейге қатысты қатаң саясат ұстануды АҚШ-тың НАТО бойынша одақтастары – бұрын СССР құрамында болған Литва, Латвия және Эстония, сонымен бірге Польша да қолдайды.

Дереккөз: azattyq.org

9 желтоқсан 2017, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.