Атырау, 29 наурыз 14:02
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Трамп Таяу Шығыстағы жағдайды әдейі шиеленістіріп отыр - Неміс толқыны

2 927 просмотра


Иерусалимді Израиль астанасы деп таныған Дональд Трамп аталған аймақта қақтығыс тудыруы мүмкін. Мұның салдарынан палестиналықтар да, израильдіктер де зардап шегеді. Осылай деп мәлімдеді DW араб басылымының бас редакторы Райнер Золлих, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі аталған басылымға сілтеме жасап.

Америка президентін мұндай қадамнан араб, мұсылман және палестиналық мемлекеттер ғана емес, Германия, Ұлыбритания, Еуропа Одағы, Ресей және Рим әкесі Франциск сақтандырмақ болған. Израиль мен Еврейлер тарапынан да түрлі сын айтылды. Haaretz Израиль газеті мен Германиядағы еврейлердің орталық кеңесі аталған шешімге қатысты пікір білдірді. Бірақ, олардың ешқайсысы Трампты тоқтата алмады.

Трамп ешқандай үндеуге құлақ аспады. Таяу Шығыста жаңа қақтығыстың тууы мүмкін екеніне қарамастан, ол сайланғанға дейін берген уәдесін орындап, Иерусалимді Израильдің астанасы деп таныды. Мұнымен қатар, Тель-Авивте орналасқан АҚШ елшілігін Иерусалимге көшіруді тапсырды. Иерусалим — мұсылман, христиан және яһудилер үшін ортақ қасиетті қала.

Палестиналықтарды қорлау

Бұл — Палестина территориясында және ел сыртында жүрген арабтар мен мұсылмандар өздерін қорлады деп түсінетін алғашқы қадам емес. Иерусалиммен байланыстының барлығы дерлік саяси және діни эмоцияларға толы түсініспеушіліктер тудырып отырады. АҚШ осы әрекетімен ешбір қажеттіліксіз, әлем алдында ондаған жылдар бойы қалыптасқан консенсусты бұзды. Себебі, Иерусалимнің статусы бейбіт келісімнің арқасында ғана анықталуы тиіс еді.

Трамп Шығыс Иерусалимнің аннексиясын өткен датамен мойындап, осы күнге дейін құқық бұзушылық болып есептелген әрекетке жол берді. Осылайша Трамп палестиналықтарды тек хабардар ете отырып, оларға өздерінің әлсіз әрі дәрменсіз екендерін көрсетті. Оның осы әрекетінің салдарынан көтеріліс, қанау, террорлық әрекеттер мен саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардың үзілуі көбеюі мүмкін. Саяси көзқараспен бұл әрекеттерді ақтап алу мүмкін емес. Себебі, Трамп әдейілеп Таяу Шығыста қақтығыстың пайда болуына жағдай жасап отыр.

Трамптың «арсыз» мәлімдемесі

Қарсылықтарға қарамастан, Трамп белгілі бір келісімге келеді деп айту қиын. Бір кездері Тәуелсіз Палестина астанасы пайда болса, аталған мемлекет жаңа астана іздеп қана қоймай, осындай жағымсыз шешімдермен келісіп отыруына тура келеді. АҚШ пен Израиль арасындағы байланыстың беріктігі соншалық, оған палестиналықтар мен арабтар қарсы тұра алмайды. Оның үстіне арабтар мен палестиналықтардың қарым-қатынасы сырт көзге көрінгендей аса жақсы емес.

Мысалы, Сауд Арабия америкалық президентті алдын ала Иерусалимге қатысты біржақты шешім қабылдаудан сақтандырған еді. Бірақ қазіргі таңда Сауд Арабия ішкі билік құрылымын толық өзгертіп, бар күштерін Иранмен күреске жұмсауда. Бұл мақсаттарын толықтай жүзеге асыру үшін оларға Трамп секілді серіктес керек. Мұнымен қатар, олар дипломатиялық қарым-қатынастардың жоқтығына қарамастан, жасырын түрде Израильмен байланыс орнатуға тырысып жүр. Себебі, Израиль де Иранды басты қарсыласы деп біледі. Оның үстіне Сауд Арабия Таяу Шығыстағы болашақ әлемнің кіндік әкесі болуы мүмкін деген болжам бар.

Алайда Трамптың шешімінен кейін бұл аймақтағы кез келген әрекет табысты болады деп айту қиын. Изральге деген жеккөрінішін Палестина Автономиясын қолдау риторикасы амбицияларының астарында жасырып жүрген ирандықтар үшін палестиналықтардың жағдайы қаншалықты маңызсыз болса, Сауд Арабия лидерлеріне палестиналықтардың тағдыры дәл солай бәрібір.

Иерусалимге қатысты мәлімдеме жасаған кезде Трамп осы шешімді қабылдай отырып, АҚШ-тың шындыққа тура қарап, Таяу Шығыста бейбітшілікке қол жеткізу үшін астананы көшіргенін айтты. Әйтпесе мұны тек арсыздық дегеннен кем бағалау мүмін емес. Өйткені оқиғаның ары қарай өрбуінен палестиналықтар да, израильдіктер де жапа шегулері мүмкін.

Дереккөз: baq.kz


8 желтоқсан 2017, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.