Атырау, 19 сәуір 03:01
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"СК-Фармация" дәрі-дәрмек бағасын 2-3 есеге қымбат cатқан - Қожамжаров

2 128 просмотра

Фото: sk-pharmacy.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров "СК-Фармация" ЖШС-та жымқырылған ақшаларға қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Жақында Президент дәрі-дәрмек бағасы жайлы айтып өткен болатын. Қазақстанда дәрі-дәрмек өте қымбат. Беларусьпен, Ресеймен, Өзбекстанмен салыстырғанда қымбат. Сіздер "СК-Фармация" басшылығының қамауға алынғанын білесіздер. Тергеу жүріп жатыр. Бұл істі сотқа дейін жеткіземіз. Қылмыстық жолмен табысқа жету мақсатында дәрі-дәрмек бағасы екі-үш есе қымбат бағамен сатылып отырған", - деді Қайрат Қожамжаров журналистерге.

Еске сала кетейік, биыл қазан айында "СК-Фармация" басшысы тұтқындалып, компаниядан 1,8 миллиард теңгенің қолды болғаны хабарланған болатын. 

"2015-2017 жылдары "СК-Фармация" ЖШС және "КазСибФармацея" ЖШС-ның басшылары 1,8 миллиард теңгені жымқырған. Осыған байланысты Касаткин мен "КазСибФармацея" ЖШС-ның басшысы А.О. Ахметовке қатысты тұтқындау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Дереккөз: Tengrinews.kz


8 желтоқсан 2017, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.