Атырау, 19 сәуір 19:35
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Біртанов әлеуметтік желідегі шағымдарға жауап беруді тапсырды

2 065 просмотра

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өңірдегі денсаулық сақтау басқармаларына әлеуметтік желіде өз аккаунтын ашуды тапсырды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Әлеуметтік желіде жұмыс істеуге қатысты ұсынысты қолдаймын, мүмкін, тиісті нормативтік құжат керек шығар. Денсаулық сақтау басқармаларының, аумақтық департаменттердің және медициналық ұйымдардың ресми парақшаларын ашу керек. Мен барлығын бірдей демеймін, барлық жеке аккаунтты қарап отыру мүмкін емес. Бірақ сіздердің желілеріңізге шағым келіп түссе, олардың түгел тіркеп, жауап беру керек. Негізінде біз бұл жақтан министрлікте отырып, аккаунттарыңызды бақылаймыз, тіркейміз, сосын сізге жолдаймыз. Енді олай болмайды. Өзіңіз қарап, өзіңіз жауап беруіңіз керек», - деді Елжан Біртанов.

Министр мұндай парақшаның тек көзбояушылық үшін құрылмау керектігін атап өтті.

«Бұл үлкен блог, онда отырып жұмыс істеу керек. Барлық мәселені медициналық ұйым деңгейінде шешу керек. Өңірлерге жыл соңына дейін өз аккаунттарын құруды және бізге есеп беруді тапсырамын», - деді министр.

Ведомство басшысына бұл ұсынысты министрліктің қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің басшысы Айжан Есмағамбетова айтты.

«Жұмыс барысында көріп отырғанымыздай, әлеуметтік желілерде медициналық кызметтердің сапасына қатысты шағымдар көп жазылады. Бірақ ол статистикада ескерілмейді және үнемі қарастырыла бермейді. Әлеуметтік желілерде жарияланатын шағымдарды тіркеу және міндетті түрде жауап беру мәселесін қарастыруды ұсынамын. Территориялық департаменттердің, комитеттердің, денсаулық сақтау басқармаларының әлеуметтік желілерде парақшасы болуы керек», - Айжан Есмағамюетова.

Бұған дейін ол емделуге, тексерілуге және дагностикаға қатысты сапаға Қазақстан тұрғындарының 69% көңілі толмайтын мәлімдеген болатын.

Дереккөз: Вaq.kz

8 желтоқсан 2017, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.