Атырау, 20 сәуір 19:41
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Трамптың рейтингі құлдырап антирекорд жасады

2 012 просмотра


Қазіргі Америка лидерінің саясатын аталған ел азаматтарының тек 32%-ы қолдап отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tass.ru басылымына сілтеме жасап.

20 қаңтардағы инаугурациясынан бері АҚШ президенті Дональд Трамптың танымалдылық рейтингі 32%-ға дейін түсіп қалды. Бұл туралы Вашингтондағы Pew Research Center жүргізген әлеуметтік сауалнамадан кейін белгілі болды.

Зерттеу орталығының сайтында аталған сауалнаманың нәтижесі жарияланып, АҚШ азаматтарының 63%-ы оның әрекеттеріне қарсы екені анықталды.

Естеріңізге сала кетсек, Дональд Трамптың алдындағы президент Барак Обаманың рейтингі 38%-дан түскен емес. Pew Research Center 29 қараша мен 4 желтоқсан аралығында 1,5 мың америкалық арасында сауалнама жүргізген.

Осы уақытқа дейін Дональд Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы деп танығаны және оның шешімін көптеген әлем лидерінің қалай қабылдағаны туралы жазған болатынбыз.

Дереккөз: baq.kz

8 желтоқсан 2017, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.