Атырау, 17 шілде 20:50
Түнде ашық+25, таңертең +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 342.49  € 400.85  P 5.51

Шенеуніктердің кесірінен бизнес банкротқа ұшырап жатыр - Тимур Құлыбаев

7 желтоқсан 2017 17:48


«Атамекен» ҰКП Президиум төрағасы Тимур Құлыбаевтың айтуынша, қазіргі заңнамада мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі көрсетілген. Соның ішінде тәртіптік, әкімшілік, тіпті қылмыстық жаза да бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде шенеуніктердің кесірінен тұтас кәсіпорындар жабылып жатады. Ресми мәліметке сәйкес, қылмыстық істер бойынша жауапқа тартылған кәсіпорындардың үштен бірі жабылып қалды. Бұл - үлкен шығын. Бәріміз жұмыс орындарын ашып жатырмыз, бизнеске жағдай жасаймыз. Сосын бір күннің ішінде жауып тастаймыз. Мұның бәрі бизнеске де, мемлекетке де тиімсіз. Бізде ірі кәсіпорындардың да банкрот болған жағдайлары аз емес. Ауыл шаруашылығы саласында ондай оқиғалар жиі кездеседі», - деді Тимур Асқарұлы бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауға арналған форумда. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшысының айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту керек. Бұл - «Атамекен» ҰКП ұстанымы. «Сотта мемлекеттік қызметшілердің кесірінен бизнеске үлкен зиян келсе, ондай шенеуніктерге қатысты нақты шара қолдануымыз қажет. Сонда бизнес өзінің қорғалуына сенімді болады», - деп атап көрсетті Тимур Құлыбаев. Айта кетейік, бүгін ҚР Жоғарғы соты мен «Атамекен» ҰКП отандық бизнесті бірлесіп қорғауға уағдаласты. Осыған орай, арнайы жол картасы рәсімделді. 

Дереккөз: inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

681 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Тимур Құлыбаев міндетті медициналық сақтандыруға қатысты пікір білдірді   357 рет қаралды

Тимур Құлыбаев ҰКП төралқа төрағасы қызметiне қайта сайланды  634 рет қаралды

Ұлттық банктің партизан соғысы: бизнесмендер қаржы реттеушісінен не күтеді?  273 рет қаралды

​Елбасы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады   216 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6