Атырау, 18 желтоқсан 06:28
Таңертең ашық-5, күндіз -3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.92  € 395.88  P 5.71

Оңтүстік Корея Ким Чен Ынды өлтіруге ақша бөлді

7 желтоқсан 17:14


Оңтүстік Корея солтүстік көршісінің көшбасшысы Ким Чен Ынның көзін құрту үшін арнайы отряд құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы «Коммерсантъ» басылымына сілтеме жасап lenta.ru жазады.

Оңтүстік Кореяның басшылығы ресми түрде елдің 2018 жылғы қорғаныс салсындағы бюджетінде Ким Чен Ынды өлтіруге арналған шығыстарды қарастырды.

Солтүстік Корея басшысын құрту үшін отрядтың жабдықталуы мен жаттығуларына 340 миллион вон (310 мың доллар) жұмсалатын болды.

Басылымның жазуынша, отряд 2011 жылы халықаралық терроршы Осама бен Ладеннің көзін жойған америкалық SEAL Team Six отрядының бағдарламасы бойынша жаттығатын болады. Арнайы жасақтың құрамында барлаушы дрондар, станокты гранатаатқыштар, ұшқышсыз басқарылатын жойғыш аппараттар болмақ.

Сонымен қатар, Солтүстік Корея аумағына елеусіз ену үшін америкалық Ch-47 Chinook тікұшағын жетілдіру жоспары да бар екен.

Оңтүстік Корея билігі алдағы уақытта аталған отрядқа арналған қаржыны ұлғайтуды да жоспарлап отыр деседі. Яғни, қаржы көлемін 26 миллиард вонға (24 миллион доллар) жеткізбекші.

Бұдан бұрын КХДР билігі Корей түбегінде соғыстың болуы әбден ықтимал екенін мәлімдеген болатын. Ресми Пхеньян АҚШ-тың Оңтүстік Кореяда әскери жаттығулар өткізуі КХДР-ға соққы беруге дайындықтың басы деп санайды. Сонымен бірге Солтүстік Корея соғысуға құштар болмаса да, қауіп төнген жағдайда бұғып отыра алмайтынын да ашық мәлімдеді.

Дереккөз: baq.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

460 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Ким Чен Ын КХДР әскеріне шабуылға дайын болуды бұйырды  897 рет қаралды

АҚШ басшысы Оңтүстік Корея президентімен кездесті  563 рет қаралды

Солтүстік Корея тағы да зымыран сынады  499 рет қаралды

Ким Чен Нам өліміне Солтүстік Корея билігі жауапты   678 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5