Атырау, 17 шілде 22:42
Түнде ашық+25, таңертең +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 342.49  € 400.85  P 5.51

Өзбекстан президенті тұңғыш рет түрмедегілерге рақымшылық жасады

7 желтоқсан 2017 17:10


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жарлық шығарып, сотталған 2,7 мың адамға рақымшылық жасады, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Рақымшылық туралы жарлықтың Өзбекстан тарихында тұңғыш рет қабылданғаны айтылады.

"Біздің елде тұңғыш рет Өзбекстан Президенті 2 700 адамға рақымшылық жасау туралы жарлық қабылданды, оның ішінде түрлі жағдайда қылмыс жасап, өз ісіне өкініп, дұрыс жолға түсіп, тұрғылықты жері әрі жазаны өтеу орындарынан жақсы мінездемесі барлардың қатарынан жазаны атқару колонияларынан 956 адам шығады", - делінген хабарламада.

Рақымшылық туралы акт арқылы сотталғандарға елде болып жатқан реформалардың белсенді қатысушысы болып, отбасына оралып, қоғамға енуіне мүмкіндік жасалып отыр.

Дереккөз: Baq.kz 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

560 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Шавкат Мирзиёев Қазақстанға келеді  121 рет қаралды

Мирзияев Қазақстанға тұңғыш сапармен келді  959 рет қаралды

Обама тұңғыш рет АҚШ мешітіне барды  793 рет қаралды

Түрікменстан президенті Қадір түні құрметіне 600 адамды түрмеден босатты  224 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6