Атырау, 19 сәуір 22:22
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Құрылыс салмас бұрын рәсімдеу керек

3 336 просмотра


Аулалардағы қосалқы жалғамаларды тіркеу 2018 жылдан бастап оңайға соғады, оларға техникалық төлқұжат дайындаудың қажеті жоқ. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық  жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры Мұра ҚАРЖАУОВ хабарлады.

«Жеке сектордың» тұрғындары үйдің жалғамаларын, жеке тұрған сарайларды және т.б. заңдастырудың қаншалықты қиын екенін біледі. Бүгінгі ереже бойынша, негізгі құрылысқа да, қосалқы құрылысқа да салық есептеледі. Бірақ бұл процедура жеке адамның өзі келуін талап етеді, яғни, үй иесінің өзі ХҚКО-ға келіп, мәселен, жаңа сарайын тіркеуі тиіс. Департамент қызметкерлерінің аула аралап жүруге құқықтары жоқ. Ал көпқабатты үйдегі пәтерді қайта жобалаған жағдайда қауіпсіздік мәселесі қозғалатындықтан, рұқсат қажет.

- Жеке тұрғын үйлердегі құрылысқа арналған техникалық төлқұжатқа байланысты өзгерістер бастапқы техникалық тексеруге қатысты болып отыр. Құрылыс басталғанға дейін үй иесі сызбалық жобасын жасап, сәулет бөлімінің рұқсатын алады. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол ХҚКО арқылы бізге келеді. Біздің техниктер жылжымайтын мүлікті тіркеудің мемлекеттік дерекқорына ақпаратты енгізеді. Содан кейін құрылыс иесі ХҚКО-да қабылдау формасын толтырып, оны тіркейді. Бұл процедураны анағұрлым жеңілдетеді, - деп есептейді М. Қаржауов.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

7 желтоқсан 2017, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.