Атырау, 18 желтоқсан 06:23
Таңертең ашық-5, күндіз -3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.92  € 395.88  P 5.71

​КХДР Корей түбегінде соғыс басталатынын мәлімдеді

7 желтоқсан 14:41


АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығулары, сондай-ақ америкалық шенеуніктердің мәлімдемелері Құрама Штаттардың ҚХДР-ге соққы жасайтынын көрсетіп отыр, - деп хабарлайды Кореяның орталық телеграф агенттігі солтүстік кореялық СІМ-ге сілтеме жасап.  

Дипломаттар "ҚХДР-ге қарсы бағытталған америкалық саясаткерлердің мәлімдемелері мен жаттығулары алаңдатып отырғанын" атап өтті.  Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі мұның бәрі ҚХДР-дің соғысқа дайындалу керектігін білдіріп отырғанын мәлімдеді.  АҚШ пен Оңтүстік Корея әскерінің біріккен жаттығулары 4 желтоқсанда басталып, 8 желтоқсанда аяқталады. БАҚ мәліметі бойынша, бұл ең көлемді жаттығу шаралары болмақ. Әскери жаттығулар Солтүстік Кореяның қарашаның соңындағы зымыран сынақтарына байланысты өткізіліп отыр.  Мұның алдында Ресей мен Қытай Солтүстік Кореяға ядролық қару мен зымырандарды сынауға мораторий жариялауды, ал АҚШ пен Оңтүстік Кореяға - әскери жаттығуларды өткізуді шегеруін ұсынған. Бұл аймақтағы жағдайды тұрақтандыру үшін жасалуы тиіс шара еді, алайда, Вашингтон бұл ұсынысқа құлақ аспады.

Дереккөз: tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

344 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Куба Солтүстік Кореяның одақтасы болуға дайын   380 рет қаралды

Солтүстік Корея АҚШ-қа күтпеген жерден соққы жасайтынын мәлімдеді  314 рет қаралды

Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тарту шарттарын атады  309 рет қаралды

АҚШ әскери техникаларын сынап, Солтүстік Кореяға ескерту жасады   555 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5