Атырау, 28 наурыз 13:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Әміржан Қосанов: “Жағымпаздық жарысы елді алысқа апармайды”», «Жаңғырудан да шықты жаңғырық», «Әлеуметтік желіде жарияланған даулы оқиғаларға биліктің реакциясы», «Асыра сілтеген “қарымта”», Шыңжаңдағы шырғалаңды екі жақты келісім арқылы шешуге болады».

2 612 просмотра

ZHASALASH.KZ. «Әміржан Қосанов: “Жағымпаздық жарысы елді алысқа апармайды”» - 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні. Қазіргі заман қазақ күнтізбесіндегі осы күнді мен ерекше бір сезіммен күтемін. Көңіл күйім кәдімгідей қобалжып, «бұл күндері «шаш ал десе, бас алатын» біздің шолақ белсенділер тағы да не бүлдіріп қояр екен?» деген сауал мазалап, берекемді кетіреді. Міне, сол күнді де бастан өткердік. Сонымен, не болды өзі?

«Жаңғырудан да шықты жаңғырық» - Өз ойым, еліміздегі шенеуніктер табының біраз бөлігі президенттің бағдарламалық мақаласын «жылдағы жолдау» есебінде қабылдап жүр. Мәселенің мәніне, тереңіне барудың орнына формалды, үстірт көзқарастар мен пайымдар басым сияқты. Бұл да өтеді-кетеді, бастысы, «жұмысты көрсету қажет» деген философия жеңіп жатыр. 

AZATTYQ.ORG«Әлеуметтік желіде жарияланған даулы оқиғаларға биліктің реакциясы» - Орталық Азия елдерінде әлеуметтік желіні лауазым иесінің ерсі қылықтарын қоғамға жеткізіп, оған биліктің назарын бұруға да пайдаланады.

«Асыра сілтеген “қарымта”» - Заң қабылданды, қолданылатын жері де табылды, бірақ оны қолдану тәртібі түсініксіз болып тұр. Ресейдегі өзге ел БАҚ-тарын "шетел агенті" деп тіркеу туралы күшіне енген заң қазір осындай күйде.

«Ресейді олимпиададан аластау: “Қиянат” пен “әділет дауы”» - Ресей құрамасы 2018 жылғы ақпанның 9-ы мен 28-і аралығында Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өтетін қысқы олимпиадаға қатыспайды, "қатаң допинг шарттарына" сай, бұрын допинг дауына ілікпеген ресейлік жеке спортшылар әлемдік додаға олимпиада туы астында қатысатын болды.

 INFORMBURO.KZ. «Жаңа жылда Алматыда жер сілкіне ме?» - "Жаңа жылда жер сілкінеді" деген ақпарат жақында алматылықтардың үрейін ұшырған еді. Желдей ескен қауесет ел арасында гулеп кетті. Қаншалықты шындыққа жанасады?

«2018 жылдан бастап зейнетақы жүйесіне енетін жаңалықтарға шолу» - Қарттардың зейнетақысы өскенімен, әйелдердің зейнет жасы ұзарды. Енді зейнетке де ерте шығуға болады. Қалай және қандай жағдайда?

RATEL.KZ. «Қазақстан білім беру индексі бойынша 35-орында» - Legatum Institute халықаралық зерттеу орталығы 2017 жылдың қорытындысы бойынша гүлдену индексін жариялады.

ABAI.KZ. «Шыңжаңдағы шырғалаңды екі жақты келісім арқылы шешуге болады» -Шыңжаңда тұратын қазақтардың жергілікті билік тарапынан қатты қысымға ұшырап, зорлық-зомбылық пен жаппай заңсыздықтан жапа шегіп жатқаны қаймана қазақтың қабырғасына батып отыр. Байырғы мекенінде көшпелі тірлігін кешетін қандастарымыздың ахуалы соңғы бір-екі жылда неге нашарлап кетті? Шиеленіскен мәселені шешудің қандай жолдары бар? Саясаттанушы Расул Жұмалымен арадағы ашық сұхбатымыз осы тақырыпта өрбіді.

QAMSHY.KZ. «Біз кімнің Жаңа жылын тойлап жүрміз?» -  Осы әңгіме көзі ашық қазақ азаматтарының арасында жылына кемінде екі рет ауызекі айтылып қалып жүр. Оның біріншісі –31 желтоқсандағы түнгі сағат 12-де ақбасқын аяз, қарлы боранда келетін Жаңа жыл, екіншісі наурыздың 22-сі күні жер-дүние жаңарып, жер беті жас босанған анадай жадырап, күн мен түн теңесіп, көгілдір аспанға аққу-қаздар мен тырналар аппақ сызық сызып, қанатымен жетелеп жеткізген көктеммен бірге келетін Түркілік өз Жаңа жылымызға байланысты.





 

 


 


 




7 желтоқсан 2017, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.