Атырау, 18 желтоқсан 06:30
Таңертең ашық-5, күндіз -3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.92  € 395.88  P 5.71

Қытайда Қанат Исламның жекпе-жегін көрген қазақтар түрмеге жабылды

7 желтоқсан 14:01


Қытайдағы қандастарымыз тарихи отаны Қазақстанға барғаны үшін қудаланып, тергеуге алынуда.

Бұл туралы бүгін Астанада Қытайдағы қазақтардың заңсыз қудалануына қатысты өткен баспасөз мәслихатында қоғам белсендісі Қыдырәлі Оразұлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Білесіздер, бізде Қанат Ислам деген боксшы ағамыз бар. Қазақстанның шашбауын көтеріп, әлемге танытып жүр. Сол бауырымыз Қытайдан келген. Боксшының Алматыда болған жекпе-жегін интернеттен, теледидардан қолдаушылардың бәрі түрмеге кетті. Бұл туралы сайттарда да, журналдарда да жазылды. Одан кейін Бекболат ағамыз (Тілеухан – ред.ескертп.) бар, сол кісімен суретке түсіп, шығармаларын, әндерін жолдаған азаматтарды соттап жатыр. Жалпы, Қазақстандағы танымал адамдарды көрген, олармен суретке түскен, оларды жарнамалағандарды түрмеге қамауда", — деген Оразұлы Димашқа қатысты ақпарат келіп түспегенін айтты. Естеріңізге салып өтсек, бүгін Қытайда нақақтан-нақақ сотталған 160 қандасымызға қатысты ақпарат түскенін хабарлаған едік.

Дереккөз: sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

440 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4 5