Атырау, 24 сәуір 12:27
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Аулаңызда алаң бар ма?

Бейнежазба
4 151 просмотра


Атырауда алдағы бір-екі жылдың көлемінде балалар ойын алаңының тапшылығы мәселесі шешілуі мүмкін. Бүгінде қалада бірнеше жерден шағын ойын алаңдарының құрылысы қолға алынды.

- Биыл қалада 20 балалар ойын алаңы пайдалануға берілсе, тағы 40 балалар ойын алаңының құрылысы жүргізілуде,- дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Ардақ ЖУАСОВ.

Оның айтуынша, жаңа ықшамаудандар мен қала іргесіндегі ауылдардың тұрғындарынан осындай өтініштер көп түседі екен. Қазір 40 ойын алаңының 32-сінің құрылысы бітуге жақын.  Бұл жоба құны – 92 млн теңге, құрлыстардың мердігері – Алматыдағы «Қазақжобалауқұрылыс» ЖШС.

Сонымен бірге қаламызда демеушілердің қаржысына алаңдар салынуда - Сәтпаев көшесі, №19 мекенжайынан салынған балаларға арналған ойын кешені (68 млн теңге), осы даңғылдағы №50 үйдің ауласынан салынған 1 мың шаршы метр ойын алаңы және спорт алаңы (49 млн),Тұлпар ықшамауданындағы №71, 72 үйлердің аулаларынан және Нұрсаядағы №80, 81 үйлердің аулаларынан салынған екі ойын алаңы осы жазда пайдалануға берілді.

Бүгінде қаламызда 161 балалар ойын алаңы мен спорт алаңдары бар. Әкімдіктегілердің айтуынша, оларды күтіп-ұстауға қалалық бюджеттен 20 млн теңгедей қаражат бөлінеді екен. Соған қарамастан қаламызда жылдап сынып, бүлініп жатқан алаңдар жетерлік. Солардың бірі - Алмагүл ықшам ауданындағы тренажер алаңы.

Қазір спорт нысандарын (33 тренажер алаңы мен 48 жазғы футбол алаңы) қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің теңгеріміне беру жұмыстары жүріп жатыр.

Тозығы шыққан ойын алаңдарын қайта жарақтау, жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі деген сауалымызға А. Жуасов бұл жұмыстардың келесі жылға қарастырылып отырғанын айтты. Қазір ойын алаңдарын ревизиялау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.

Айнұр САПАРОВА

Бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

7 желтоқсан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.