Атырау, 20 сәуір 02:43
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Спорт жаңалықтары

3 466 просмотра

ДЗЮДО

Атыраулық Олжас Құмар КСРО еңбек сіңірген бапкері Н. П. Перепелкинді еске алуға арналған 38-ші дәстүрлі халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Турнир Саратов қаласында өтті. Оны белдесіп күресу бойынша 2017 жылғы әлем чемпионы Қалжан Тайжанова жаттықтырады.

***

МИНИ-ФУТБОЛ

«Динамо» спорт кешенінде құқыққорғау органдарының арасында мини-футболдан турнир өтті.

1-орынды мамандандырылған мемлекеттік күзет қызметі, 2-орынды Арнайы жедел әрекет ету жасағы, 3-орынды – «Динамо» командасы алды. Шабуылшы Эльдар Мұхитов пен қақпашы Ержан Мәжитов үздік ойыншылар деп танылды.

***

КИКБОКСИНГ

Орал қаласында 1999-2000 жылғы жастар арасында ел чемпионаты өтті.

Атыраулықтар Сәлімжан Сәлімгерей мен Аян Шамболов сәйкесінше алтын және қола алқалар иеленді.

***

МУАЙ-ТАЙ

Анталияда Еуразия елдерінің Ашық Кубогы өтті.

ҚР ұлттық құрамасында 12 спортшы қатысты, соның ішінде Атыраудағы «Қайсар» спорт клубының өкілі Мақсот Мұхаммедәлі бар. Ол үш жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетіп, 1-орынға шықты.

***

КАРАТЕ

Көкшетауда Кеңес Одағының Батыры М. Ғабдуллинді еске алуға арналған спорттық WKC карате бойынша республикалық турнир өтті. 

Турнир басталғанға дейін спортшылар мен төрешілер үшін шотокан, шито-рю стильдерінен ката бойынша семинар өткізілді. Шотокан бойынша семинарды атыраулық әлем чемпионы Венера Тұрғанова, шито-рю бойынша – ҚР Спорттық карате федерациясының президенті Руслан Дүкембаев өткізді. Турнирде ҚР Еңбек сіңірген бапкері, 5-дан қара белдік иегері Ерікқали Қойшекеновтің жетекшілік етуімен «Жолбарыс» спорт клубының шәкірттері облыс құрамасының намысын қорғады. Абат Әмірханов, Камил Жұмағалиев, Құдайберген Жұмабаев, Жәңгірхан Амангелді, Аңсаған Жұмабаева, Арлан Балмағамбетов, Бекзат Сайнов, Гүлназ Өсербай, Земфира Қапанова, Әзиза Исабекова, Дарын Жағыпар, Айруз Балабеков, Зарина Асқарқызы, Ақбота Тілекқабыл, Мейірбек Мардан, Нұркен Жұбанышәлі және Қыдырәлі Тілекқабыл турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 желтоқсан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.