Атырау, 18 желтоқсан 06:29
Таңертең ашық-5, күндіз -3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.92  € 395.88  P 5.71

Қазақстанға 2018 жылғы Олимпиададан бас тартуға кеңес берілді

6 желтоқсан 17:20


Ресей мемлекеттік думасының депутаты Қазақстан мен басқа да бірқатар ел "Батыстың экономикалық аранының тоқпағына" ұшырауы мүмкін дейді.

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Виталий Милонов Қазақстанға Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға қатысудан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.

Милонов сонымен бірге БРИКС құрамындағы елдердің, Беларусь пен Қырғызстанның ұлттық олимпиада комитеттерінен Ресеймен ынтымақтастығының белгісі ретінде жарысқа қатыспауды сұрады.

"Біздің елмен ынтымақтастықтарыңызды көрсетіп, Ресей құрамасы қатыспайтын болса, Олимпиададан бас тартуды ұсынамын. Біздің елдер үнемі солтүстік атлантикалық имперализммен бетпе-бет келіп жүр. АҚШ пен оның жақтастары әр уақытта елдерімізге саяси қысым көрсетіп, экономикалық тұрғыда бопсалап келді. Қазір Сэм көкеміздің басты нысанасы Ресей. Бірақ Батыстың экономикалық аранының тоқпағына ертең сіздің де Отаныңыз ұшырамайтынына кім кепіл?", — деп мәлімдеді Милонов. 

Депутаттың пікірінше, Ресей Халықаралық олимпиада комитетінің құрбаны болып отыр. 

Қысқы Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 2018 жылы 9-25 ақпан аралығында өтеді. Ресейдің олимпиада комитеті ХОК атқарушы комитетінің шешімімен жарыстан  аластатылған.

Дереккөз: sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

568 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

​Ресей спортшылары олимпиадаға бейтарап түрде қатысуға дайын  179 рет қаралды

​Ресей құрамасы Олимпиададан шеттетілді   190 рет қаралды

Францияда ресейлік миллиардер сенатор Сулейман Керимов ұсталды  323 рет қаралды

Ресей Елшісі: Қазақстанның латын әліпбиіне көшуіне құрметпен қараймыз   323 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5