Атырау, 19 сәуір 09:11
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«ҚазТрансОйлдағы» трансформация

3 078 просмотра


«АЖ» редакциясына бұдан бұрын мәлімделген «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) Батыс филиалы таратыла бастады, Жилгородок көпірінің жанындағы оның «кітапша» деп аталатын зәулім кеңсесі қытайлықтарға сатылып кеткен, ал қызметкерлердің көпшілігі жұмыстан босатылыпты деген бейресми ақпарат келіп түсті. Компанияның орталық аппаратындағылар директордың трансформация жөніндегі орынбасары Орал ЫДЫРЫСОВТЫҢ Атырауға ұшып баратынын және міндетті түрде «АЖ» тілшісімен кездесетінін хабарлады.

Орал Арминұлымен сұхбат барысында «ҚазТрансОйлдың» трансформациялау жөніндегі жол картасының жақында, 2017 жылы бекітілгені белгілі болды.

- ҚТО-ның барлық бастамалары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың трансформациялау бағдарламасы аясында жүргізіледі. Трансформация – ұйымның барлық қызмет салаларына байланысты жүйелі процесс. 2017 жылы біз «ҚазТрансОйл» АҚ-тың трансформациялау бойынша жол картасын бекіттік және сол бойынша жұмыс істеп келеміз. Біз өте мұқият әрекет ету керек деп шештік. Біздің басты мақсатымыз – мықты кадрлар мен тәжірибелі мамандарды жоғалтпау. Осы жылдар бойына алғашқы дағдарысқа дейін, содан соң екінші дағдарысқа дейін бүкіл ұлттық компаниялар экономиканың қозғаушы күші болды, алдыңғы орында жүрді, олар табысты болып, штатқа қызметкерлер қабылдады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деген түсінік болды - өңірлерге көмектесті, балабақшалар салды және т.б.

Бірақ дағдарыстың екінші кезеңі жалғасуда. Өзгертіліп, қаражатқа өмір сүріп, шығынды барынша азайту керек. 2016 жылы ҚТО штатында 8 150 адам болды. Біз трансформацияланып, ақшаны үнемдеп, шығындарды азайтуымыз керек.

Трансформациялаудың жол картасы бірқатар жобаларды қамтиды, олардың бірі – штаттан қосалқы персоналдарды, техникалық қызметкерлерді – хатшыларды, аудармашыларды және т.б. шығару. Жазда біз сіздің газетіңіздің сауалына жауап ретінде, ІТ, тамақтануды және тазарту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша профильдік емес функцияларды аутсорсингке шығару жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ, персоналдарды тасымалдау 2017 жылдың 28 сәуірінде бекітілген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Трансформациялау бағдарламасының жол картасында қарастырылғанын хабарладық. «ҚазТрансОйл» АҚ-да бәрі де бірыңғай ереже бойынша еңбекақы алды. Ол арқылы  аспаздар, тазалаушылар, жеңіл көлік жүргізушілері нарықтық еңбек құнына қатысты көп жалақы алды, жалақылары айына орташа алғанда 350-380 мың теңгеге шығатын. Бұл профильдік емес қызмет түрлерін аутсорсингке шығардық, компания штатынан 450 адамды шығардық. Оған қоса 100 техникалық қызметкерлерді, тасымалдау саласынан тағы 60 адамды шығардық. Бұл адамдарың барлығы тамақтандыру қызметі бойынша тендер ұтып алған «Атырау сауда» ЖШС-не, орынжайларды тазарту қызметін көрсететін «Dossupport» ЖШС-не жұмысқа орналастырылды. Біздің қызметкерлерді мердігерлік мекемелерге жұмысқа орналастыру мердігер мекемелермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау кезінде міндетті шарт болды.  Олар үшін қарапайым жалақыдан 2,5 есеге жоғары жалақы бекітілді. Бұған қоса біздің компания профильдік емес функцияларды аутсорсингке шығара отырып, тағы бір мақсат ұстанды. Ол сервистік компанияларды ұзақ уақытқа тұрақты жұмыс көлемімен қамти отырып, шағын және орта бизнесті қолдау болатын. 

2018 жыл компанияның екі филиалын – тиісінше Атырау мен Павлодарда Батыс және Шығыс филиалдарын жабу жұмыстары жүргізіледі. Мұнай құбырларындағы шикізат ағымының қозғалысын басқаратын филиалдың диспетчерлік қызметкерлері орталық аппараттың штатына кірді. Қызметкерлердің бір бөлігі компанияның бір бөлім және Астрахань – Маңғышлақ магистральды су таратқышына қызмет көрсетумен айналысатын жақында құрылған Магистралды су құбыры басқармасына ауысты.

- Сіздер Астанаға тек диспетчерлердің бір бөлігін ғана беріпсіздер...

- «ҚазТрансОйл» Астрахань – Маңғышлақ магистралды су таратқышын пайдаланады, - деп әңгімеге Батыс филиалының директоры Сәбит АРЫНОВ араласты. – Бүгінде компания мұнай тасымалдау қызметтері арқылы оның қызмет шығындарын тоғыспалы субсидиялайды. Тек 2016 жыл ішінде су беру қызметінің шығындары 1 млрд теңге, 2017 жыл ішінде болжам бойынша 3 млрд теңге болды.  нарықтық экономика жағдайында мұндай сызба тиімсіз: компанияның бүкіл сегменті пайдалы жұмыс істеуі тиіс. Біз тұтынушыларға су берумен айналысатын магистралды су басқармасын құрдық. Олардың осы су құбырына қызмет көрсету бойынша өз диспетчерлік пункті бар және ол жерге сіз айтып отырған диспетчерлерді қалдырды.

Өзіңіз ойлап қараңыз: біз Еділ суын «Өзен Инвест» ЖШС-не бір текше метр үшін 22 теңгеден жіберіп отырмыз, ал олар 165 теңгеден қайта сатады. Меніңше, тасымалдау шығындарын ақтау үшін ол 350 теңгеден болуы тиіс. Бізді «Қаражанбасмұнай» мұнай компаниясы құтқарып отыр. Ол бізден суды 522 теңгеден сатып алады, бірақ олар қабаттық суды қысыммен тексеру жобасын бастады, алдағы уақытта бізден кетуді жоспарлап жүр. Жаңа Магистралды су тарату басқармасы басқа міндеттермен қатар, су берудің орынды тарифтік саясатын қалыптастырумен айналысады.

- Жергілікті жердегі өз ғимараттарыңызды, орынжайларыңыз бен базаларды не істедіңіздер?

- Қазіргі кезде Павлодардағы 9 қабатты кеңсемізді сатуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.  Атырауда «кітапша» деп аталатын кеңсеміз сақталып қалды, онда Магистралды су құбыры басқармасы мен Операторлық қызмет басқармасы орналасатын болады.

- Батыс филиалының қанша қызметкері қысқартуға ұшырады?

- Бұл қысқарту емес. Бүкіл қосалқы персоналды оларды кейіннен жұмысқа орналастыру міндетімен аутсорсингке шығардық. Олар тамақтану, клининг қызметінің қызметкерлері, жүргізушілер, барлығымен тараптардың келісімі бойынша өтемақы төлеу арқылы келісімшарттар бұзылды. Есеп айырысулар жұмыс өтіліне және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қолданыстағы Ұжымдық келісімшартына сәйкес әлеуметтік аспектіге байланысты жүргізіледі. 

- Тағы қандай активтерді сатуды жоспарлап отырсыздар?

- 2018 жылы 5-ші шақырымдағы теміржол тұйығы бар өндірістік қамту базасын сату жоспарланды.

- Трансформациялау бағдарламасы қашан аяқталады?

- 2018 жылдың аяғында. Біз енді негізгі және қосалқы өндірісті бөлу жобасын жүзеге асыруымыз керек, - деп хабарлады сөз соңында Орал Ыдырысов. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 желтоқсан 2017, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған