Атырау, 25 сәуір 17:33
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазан полициясының экс-басшысы қазақстандықты ұрлағаны үшін сотталды

1 836 просмотра


Мәскеу соты 5 желтоқсанда Қазан полициясының бұрынғы басшысы Руслан Халимдаровты 10 жыл алты айға соттады. Оны есірткі контрабандасын ұйымдастырды деген қылмыстық істі қолдан жасау үшін адам ұрлады деп айыптады. Халимдаровтың қарамағындағы үш адам 8 жылдан 9 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды деп хабарлайды "Бизнес Online". басылымы.

Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкинның бұйрығымен істі қарау Мәскеу сотына тапсырылған. Ол Қазан сотының әділетті үкім шығаратынына күдіктенген.

Тергеу ісінің мәліметі бойынша, Халимдаров 2005 жылы қарамағындағылармен бірге Қазақстан тұрғынын ұрлап әкетіп, оған есірткі саудасымен айналысты деген жалған айып тағып, 13 жылға соттап жіберген.

Полиция қызметкерлері тек 2013 жылы ғана ұсталған. Алдымен оны қызметін асыра пайдаланды деп айыптады. Тек іс Тергеу комитетінің орталық аппаратына берілгеннен кейін ғана, адам ұрлау фактісі бойынша іс қозғалған.

Дереккөз: azattyq.org

6 желтоқсан 2017, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.