Атырау, 20 сәуір 19:01
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«”Мұнай ұрлаған” күдіктінің бірі – полиция полковнигі», «Сарапшы: «Мирзияев өз олигархтары командасын құрады», «Кейбір ағалар қызқұмар…», «Перизат Ақселеуқызы: “Әкем қаламнан шаршағанда қамшы өретін”», «”Орысша сөйлеңіз!” дегенге шыдай алмадым».

2 541 просмотра

AZATTYQ.ORG«Сарапшы: «Мирзияев өз олигархтары командасын құрады» - Ресейлік миллиардер Әлішер Усманов Өзбекстанның жаңа президенті Шавкат Мирзияевке елді сыртқы әлемге ашуға «көмектесіп жатқанын» және Өзбекстанға «шамасы келгенше ақша құятынын» мәлімдеді.

«Допинг дауы Ресейді олимпиадасыз қалдырды» - 5 желтоқсан күні Халықаралық олимпиада комитеті "мемлекеттің қолдауымен допинг қолдану" айыбына ұшырауына байланысты Ресейдің 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін Қысқы олимпиадаға қатысуына тыйым салды.

«Шаңырақ шырқын бұзатындарға қарсы шараларды тиімсіз санайды» - Сарапшылар тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы Қазақстан заңдарында қарастырылған шаралардан қайыр болмайды деп санайды.

«”Мұнай ұрлаған” күдіктінің бірі – полиция полковнигі» - Ақтөбеде «мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ» деген күдікпен ұсталған 26 адамның ісі бойынша сот процесі басталды.

365INFO.KZ. «Кейбір ағалар қызқұмар…» - Бахтияр Артаев «адасып жүр» деп кімдерді айтты? Бұл не өзі? Құбылыс па? Беталыс па? Танымал адамдардың өзі адасып жатса, қатардағы біз қайтпекпіз? Muslim.kz сайтына сұхбат берген танымал боксшы, қазіргі күні «Тарлан батырлары» спорт орталығын басқарып отырған Бахтияр Артаев ағынан жарылған екен. 

«Пояс киргизского хана» - Танымал саясаттанушы Кенесары ханның кісесі табылғанын хабарлады.

ULT.KZ. «Бозымбаев мұнай дәуірінің аяқталуын болжады» - Қазақстан 2030-2040 жылдары мұнай өндіру көлемін 100 млн тоннаға жеткізеді. 

INFORMBURO.KZ. «Қазақстанда латын әліпбиіне 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшетін болды» - Латын әліпбиінің соңғы нұсқасы қазан айының 27-де Президент жарлығымен қабылданды. Алайда, мамандар қабылданған нұсқаға тағы да түзету енгізуді ұсынады.

EGEMEN.KZ. «Перизат Ақселеуқызы: “Әкем қаламнан шаршағанда қамшы өретін”» -  Этнограф-ғалым, жазушы, тарихшы, күйші, композитор, филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақселеу Сейдімбектің туғанына биыл 75 жыл.

RATEL.KZ.  «”Орысша сөйлеңіз!” дегенге шыдай алмадым» - Қазақшаға судай мажар ғалымы Қазақстанға алғаш келген жылдары қиналғаны туралы айтып берді.

 


 


 



 




 


 

 


6 желтоқсан 2017, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.