Атырау, 17 шілде 22:42
Түнде ашық+25, таңертең +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 342.49  € 400.85  P 5.51

Электр қалқанынан өрт шықты

5 желтоқсан 2017 19:45


Бүгін, 5 желтоқсанда Атырау облыстық ауруханасының консультативтік-диагностикалық орталығында электр қалқаны қорабынан өрт шықты.

Сол кезде стационарда 320 пациент ем алып жатқан. Қорап тұтанған кезде ревматология, гинекология, урология, эндокринология, алғашқы хирургиялық бөлімінің пациенттері мен шаруашылық есебі бөлімінен 109 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Науқастар аурухананың басқа екі корпусына ауыстырылды.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұтану себептері анықталуда. Қазір аурухана штаттық режимде жұмыс істеп, түтіндеген орынжайдың ауасы тазартылуда. Толықтай тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол САҒЫНҒАЛИЕВ. Тазалау жұмыстарынан кейін қауіпсіз жерге көшірілген пациенттерді қайтадан бұрынғы палаталарына ауыстыру жоспарланып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1076 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Қарабатандағы өрт кезінде алты адам қаза болды  5411 рет қаралды

АМӨЗ-де тағы да өрт шықты  1232 рет қаралды

Кемеровадағы Зимняя вишняда болған өрттің себебі белгілі болды  749 рет қаралды

Кемеровадағы қайғылы жағдай: Өрт сөндірушіні 37 адамның өліміне айыптады  578 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6