Атырау, 28 наурыз 19:58
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Зират қоқыс орнына айналды

Сурет
3 973 просмотра

Бұрын Индербор кентіндегі зират елдімекеннің шетінде еді, алайда кентте үйлер көбейіп, қорым тұрғын үйлердің арасында қалды. Сорақысы сол, зират маңы қоқыс орнына айналып, арасынан адам өтетін соқпақ жол пайда болды.  

-Зиратты көшіру керек. Бұл жерге 60-жылдардан бері ешкімді жерлемейді. Адамдар қорықпай сол зираттағы мүрделердің үстінен әрлі-берлі өтеді. Ол жерде марқұмдар жатқан жоқ па?-дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Индербор кенті әкімі Рулан ТҰРАБАЕВТЫҢ айтуынша, келесі жылы зират аумағын қоршау жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы жасалады.

-  Қазір біз қоқыстардан тазартумен айналысудамыз. Зиратты көшіру үшін үлкен қаржы керек,- дейді Р. Тұрабаев. -  Сондай-ақ, марқұмдардың туыстарын анықтап, олардың рұқсатын алуымыз қажет

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

5 желтоқсан 2017, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.