Атырау, 17 шілде 22:42
Түнде ашық+25, таңертең +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 342.49  € 400.85  P 5.51

Ардагерлер сахнаға шықты    

5 желтоқсан 2017 11:22

Махамбет атындағы қазақ драма театрында республикалық ардагерлер ұйымының 30 жылдығына орай Атырау облысындағы ретро оркестрлер мен ансамбль топтардың «Ардагерлер әуендері-2» атты кеші өтті. 

Көркемөнерпаздардың кешіне Атырау қаласы мен аудандардан отызға жуық ұжым қатысып, домбыра, баян, қобыз, синтезатордың сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Сахнада халықты тамсандырған әндердің бірі Жабас ҚҰЛБАЛИЕВ пен Алухия ӘДІЛҒАЛИЕВАНЫҢ «Жұбайлар жыры» әні. Жылыой ауданынан келген жұптар бірге отасқан елу жыл бойына қосылып ән айтып келеді.  

- Репертуарымызда бала кезімізден шырқап жүрген әндеріміз көп. Мамандығымыз əн айту болмаса да бізден тараған бес баланың бесеуі де əуенге құмар болып өсті. Бүгінде олар түрлі аспаптарда еркін ойнайды, облыстық, республикалық байқауларға қатысып жүр,- дейді Жабас Құлбалиев.  

Шара ұйымдастырушысы, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Қатимолла РИЗУАНОВ: 

- Алдағы уақытта ұмытылып бара жатқан ретро əндер кешін ауылдарда да ұйымдастырғымыз келеді. Мақсатымыз – ескі әуендерді қайта еске салу. 

Нұрбейбіт Нұғыманов  

Сурет және бейнебаянды түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1056 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Кеншілер өз алаңында мұнайшыларды жеңіп шықты  820 рет қаралды

Спорт жаңалықтары  1126 рет қаралды

​Чек жинап, 200 мың теңге ұтты  1114 рет қаралды

Ардагерлер финалды қалай көрді?  835 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6