Атырау, 24 сәуір 20:53
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Назарбаев Жээнбековпен шекара мәселесі бойынша келісті

2 384 просмотра


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Бұл туралы бүгін Минскіде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы саммиті аясында белгілі болды, - деп хабарлайды 24kg

Екі елдің президенттері екіжақты қарым-қатынастың болашағы жайлы, сондай-ақ, Қырғызстан-Қазақстан шекарасындағы жағдайды реттеуге қатысты мәселелерді талқылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің шекарасына қатысты мәселенің себебін барлығы білетінін айтты. "Сондықтан біз мынадай шешімге келдік: екі елдің үкіметі құрастырған жол картасын қарап шықтық. Екі елдің жұмыс тобы осы мәселені талқылап, жол картасына қол қояды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ол Қазақстан тарапынан да, Қырғызстан тарапынан да шекарада бақылау орнату туралы шешім шығарылғанын айтты. Сондай-ақ, ЕАЭО-дан үш адам жүкті қарап, өткізіп тұрады. Қытаймен шекарада да осылай тексеріс жүреді. Нұрсұлтан Назарбаев Сооранбай Жээнбековті Қазақстанға ресми сапармен шақырғанын хабарлады. "Біз барлық жағдай бойынша әңгімелесіп, бір шешімге келдік. Екі елдің үкіметтері желтоқсан айының бойынша бірқатар мәселерді реттеу бойынша жол картасын жасауы қажет. Сонда көптеген мәселе шешіледі, себебі бұл шешілетін мәселелер. Шекара жол картасы жасалғанша ашылады. Екіжақты қарым-қатынастың барлық міндеті мен мәселесі келісілген мерзім ішінде шешіледі" - деді Сооранбай Жээнбеков.

Дереккөз: tengrinews.kz

30 қараша 2017, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.