Атырау, 16 сәуір 21:28
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

«Негізгі командаға кадрлар дайындаймыз»

2 662 просмотра

Дзюдодан ҚР жастар құрамасының 2017 жылға арналған күнтізбелік сайыстар жоспары аяқталды, енді қорытынды жасайтын кез келді. Команда құрамында Атырау облысының өкілдері қандай нәтижелер көрсетті? Бұл туралы бас бапкер, жерлесіміз Арсен ХАТИППЕН әңгімелескен едік.

«АЖ» ақпары: Арсен Ғабиденұлы Хатип, Атырау облысының тумасы, 32 жаста, самбодан жастар арасындағы 2 дүркін әлем чемпионы және самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері, дзюдодан ҚР чемпионы, 2015 жылдан бастап ҚР жастар құрамасының бас бапкері.

Біздің өңірімізде жастар құрамында қанша адам бар?

- 2015 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Айболат ЫСТЫБАЙ мен Қайырберді АЙДЫНБАЙ. Айдынбай биыл ересектер құрамына ауысады. Бірақ негізгі команда үшін лайықты екенін дәлелдеу керек. Наурызда ел чемпионаты өтеді, сол жерде барлығы айқындалады. Айболат тағы бір жыл жастар құрамасында қалады.

- Жаттығу жиындары жеке шеберлікті шыңдау үшін пайдалы. Қалай ойлайсыз, біздің спортшыларда прогресс бар ма?

- Әрине. Біз тек Қазақстан бойынша ғана емес, шетелдерге де жаттығу жиындарына барып тұрамыз.

- Әлем және Азия чемпионаттарына қатысу үшін құрам қандай белгілер бойынша айқындалады?

- Ел ішіндегі және халықаралық турнирлердегі сайыстарда табысты нәтижелер болу керек.

- ҚР-ның ересектер құрамасы жас талантты дзюдошыларды көбірек сұрайтын шығар?

- Иә, біз негізгі командаға кадрлар жеткізушіміз. Өз міндетімізді атқарып отырмыз деп есептеймін. Жақында Ақтөбеде ересектер арасында өткен ел чемпионатында жастар құрамасының екі өкілі чемпион атанды. Олар Санжар Жагоров пен Дидар Хамза. Олардың командалас серіктері Бауыржан Сағынғалиұлы мен Жанболат Бақбергенов жүлдегерлер болды. Бірақ олар Атырау облысының өкілдері емес. Жалпы, Қазақстанда дзюдо қарқынды дамуда. Статистика бойынша, дзюдо секциясы – елімізде балалар ең көп баратын жер. Сондықтан олипиада алтыны қол созым жерде тұр деуге болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 қараша 2017, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.