Атырау, 20 сәуір 09:24
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

ХҚКО-ға бармай-ақ тұратын жері бойынша тіркеуге тұруға және одан шығуға болады - ІІМ

2 476 просмотра


ХҚКО-ға бармай-ақ тұратын жері бойынша тіркеуге тұруға және одан шығуға болады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тургумбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тургумбаев халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту бойынша ІІМ жүйелі шаралар қабылдап отырғанын атап өтті. Бүгінгі күні Министрлік мемлекеттік қызметтің 39 түрін көрсетеді, ведомствоның қызметкерлері 286 халыққа қызмет көрсету орталығында және 14 арнайы халықққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп жатыр. 2017 жылдың 10 айы ішінде азаматтарға 19 миллион 742 мыңнан астам қызмет көрсетілді, оның басым көпшілігі - мекенжай анықтамаларын беру, автокөліктерді тіркеу, халықты құжаттандыру және азаматтарды тұрғылықты және уақытша тұру орындарына тіркеу. Мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдету және процестерді жылдамдату үшін ІІМ оларды электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандыруды белсенді енгізуде. 

Сонымен қатар 2017 жылдың басында ХҚКО-на бармай-ақ  онлайн режимде "электрондық үкімет" порталы арқылы уақытша тіркеу жүргізу мүмкіндігі туды. Ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап уақытша және тұрақты тіркеу кезінде тұрғын үйге меншік құқығы туралы 2-нысанды анықтаманы талап ету жойылды (тек 25 күн ішінде 138 мың адам тіркеуге тұрді, оның ішінде 115 мың адам - тұрақты тіркеуге және 23 мың адам уақытша тұратын орны бойынша тіркелді). Сондай-ақ қазіргі уақытта ХҚКО-на бармай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы тұрақты тіркеуге тұру және азаматтарды тіркеуден шығару механизмі пысықталды, оны 2018 жылы іске қосу жоспарланды - деп атап көрсетті министрдің орынбасары Тургумбаев.   

Ақпарат және коммуникациялар, Әділет, Ішкі істер министрліктерінің ақпараттық жүйесін біріктіру негізінде "Электрондық үй кітапшасы" жасалынды, ол әрбір елді мекен бойынша халықтың көшіп-қонуына мониторинг жүргізуді жақсартады, үйдің иесіне оның меншігінде тіркеуге тұрған адамдар туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Анықтама: Тұрғылықты жері және уақытша келу орны бойынша тіркелгендердің саны 2016 жылмен (1,4 миллион) салыстырғанда 2017 жылдың (2,9 миллион) басынан бастап 2 есеге көбейді.

Дереккөз: Tengrinews.kz


28 қараша 2017, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.