Атырау, 29 наурыз 14:10
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Заңгерлік қызмет үшін төлемнің тарифтік кестесі әзірленбек

2 293 просмотра


Қазақстанда заңгерлік көмек үшін төлемнің тарифтік кестесі әзірленбек. Бұл туралы ҚР Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықты ақпараттандыру үшін және салада көрсетілетін қызмет үшін бағаны әділ қалыптастыру бағытында адвокаттардың, заң консультанттарының көмегін төлеудің ұсынылған тарифтік кестесін әзірлеу қарастырылған. Ұсынылатын тарифтерді ескере отырып, азаматтар заң көмегіндегі орташа бағаны айқындай алады. Бұл өз кезегінде артық шығындарға жол бермейді», - деп түсіндірді ол Мәжілісте «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасын таныстыру барысында

Оның сөзіне қарағанда, тараптар екі жақты шешім арқылы төлемнің басқа сомасын бекіте алады.

 «Көрсетілетін заң көмегі үшін тарифтік кестені әзірлеу мен бекіту Республикалық адвокаттар алқасымен және заң консультанттары палаталарымен іске асырылады. Тарифтік кесте ұсыныс сипатына ие әрі ол ашық түрде жарияланады», - деді Жанат Ешмағамбетов. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

27 қараша 2017, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.