Атырау, 19 сәуір 07:49
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қарапайым жол-көлік оқиғасы елді шулатты

5 324 просмотра


Сенбіде әлеуметтік желілерде жол-көлік оқиғасына қатысты түсірілімдер мен аудиокомментарийлер кең тарады. Мұнда кадр сыртындағы дауыс Toyota Land Cruiser көлігінің алдыңғы әйнегінде оқ іздері бар екенін айтады. Бірақ оқ атылып, адам ұрланды деген бұл оқиға Атырау облыстық ІІД ақпараты бойынша қарапайым көлік оқиғасы болып шықты.

- Hyundai Elantra көлігінің иесінің айтуынша, 25 қарашада Құрманғалиев көшесінде сағат 13.30 шамасында оның көлігін Тойота көлігі соққан. 1990 жылғы жүргізуші, Атырау тұрғыны оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан. Сол кезде жолаушылардың бірі оның артынан жүгіріп, ұстап алып, бірнеше соққы жасаған. Жеңіл дене жарақаты тіркелді. ҚР ҚК-нің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша тергеу жұмыстары басталды, - деп хабарлады ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.

Полиция пікірінше, төбелестен кейін екі ер адам үшінші көлікке мініп, кетіп қалғандықтан кісі ұрланды деген жорамал туындаған. Ал жол-көлік оқиғасына қатысушылар оның такси екенін, оған өз еріктерімен мінгенін мәлімдеді. Олардың айтуларынша, олар кінәні мойындау және зиянды толықтай өтеу туралы келіскен.

- Алдыңғы әйнектегі оқ іздері деген ше?

- Оқиғаға қатысушылардың ешқайсысы оқ ату фактісін растап отырған жоқ. Оқиғаға кінәлі жүргізуші қорқып кеткен, бірақ көлік қожайыны ол емес. Көлік сенімді басқаруға берілген. Ол есеңгіреп қалып, қашып кетпек болған. Біреудің алдыңғы әйнекке тас лақтырғаны есінде екен. Әйнектің қалай бүлінгенін анықтайтын бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті куәгерлер жолдады

27 қараша 2017, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.