Атырау, 24 сәуір 06:25
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Сауд Арабиясы: Терроризмге қарсы жаңа коалиция құрылды

2 365 просмотра

Мұхаммед бин Сальман Әл Сауд, Сауд Арабияның тақ мұрагері.

Сауд Арабияның тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман әл Сауд жексенбі күні терроризмге қарсы, құрамына 41 мемлекет кіретін жаңа коалиция құрылғанын мәлімдеді. "Бұл әскери одақ аймақтарда белсенді әрекет жүргізіп жатқан террорлық ұйымдармен күрес бастайды" деп мәлімдеді ханзада.

Одақтас елдер терроризммен күресте өздерінің әскери, саяси және қаржылық мүмкіндіктерін біріктірмек. Коалиция елдерінің арнайы қызметтері өзара ынтымақтастық орнатуы да мүмкін.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, коалицияға негізінен сүннит елдері кіреді. Олардың арасында Иран, Ирак және Сирия жоқ. Бұған дейін әскери коалицияларға қатысқан, бірақ араб елдерінің бойкотына тап болған Катар да бұл ұйымда жоқ.

24 қарашада Египетте Синай түбегіндегі мешітте болған жарылыс пен атыстан жарылыстан 300 адам қаза тапқан. Қаза тапқандардың дені – бейбіт тұрғындар мен Египет әскерінің сарбаздары.

Дереккөз: Азаттық

27 қараша 2017, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.